Халықаралық әйелдер күнi мерекесіне арналған салтанатты кеш

06.03.13Көктемнiң алғашқы шуағымен келген мейрам – Халықаралық әйелдер күнi құтты болсын! Әйел – бiр қолымен әлемдi, бiр қолымен бесiктi тербеткен қасиеттi жан. Осы орайда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жігіттері асыл аналарды, аяулы қарындастарды, әріптес қыз-келіншектерді салтанатты түрде құттықтау кешін өткізді. Аталмыш кештің басты ерекшелігі, оның ұйымдастырушыларымен қатысушылары институтымыздың тек жігіттері. Алдымен сөз алған оқу ордасының басшысы ректор Қ.Баймырзаев халықаралық мерекемен қыздар қауымын құттықтап, бүгiнгi күнi мемлекетiмiз отбасының, анамен баланың барлық жағдайын қамтамасыз етіп, елiмiздiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайы жақсарғансайын бұл қамқорлықтың санымен сапасыда артып келе жатқанына тоқталды. Өйткенi,Ананың болашағы – елiмiздiң болашағы. Мерекенің құрметіне институт өміріне белсене ат салысып жүрген, өз еңбектерімін көпшілікке танымал бір топ әйел ұстаздар мен қызметкерлер құттықтау хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сөйтіп, әйел-аналарға деген сый-құрмет өзкезегімен жалғаса берді. Жігіттер қауымы бар өнерлерін ортаға салып, қыздарды мерекелік көңіл-күйге бөледі.

 

06.03.13

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Халықаралық әйелдер күнi мерекесіне арналған салтанатты кеш