2015 жылғы 9 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында «ҚМПИ студенттігіне қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шара ҚМПИ ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаевтың құттықтау сөзімен басталды. Институт ректоры «Алтын белгі» иегері Анна Чунина және Нұрсұлтан Тұрлыбекке студенттік билеттерін тапсырды. Студенттердің сахналық қойылымдары әр факультеттің кәсіби бағыты мен ерекшелігін көрсете білді. Студенттер қатарына қабылдау мерекелік іс-шарасы бірінші курс студенттерінің есінде қаларлықтай өте көңілді, әрі ерекше өтті.
2015 жылдың 1 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Мұғалімдер күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Институт ректоры, профессор Қ.Баймырзаев ұстаздарды мерекесімен құттықтай отыра, студент жастарды тәрбиелеу мен дамыту жолында қомақты үлес қосып жүрген оқытушыларға Құрмет грамоталарын тапсырды. Іс-шара соңы мерекелік концерт пен студенттердің құттықтауларына ұласты.
2015 жылғы 1 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Жастар ісі жөніндегі комитеттің бастамасымен Халықаралық қарттар күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагері Шайдулла Сағындықұлы Сағындықовтың үйіне барды.
2015 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан халқының тілдер күні мерекесіне арналған іс-шара өткізілді. Іс-шара эпиграфы – «Тіл – достықтың көпірі». Факультет студенттері Қазақстанда тұрып жатқан халықтардың тілінде би, ән айту және өлең оқу секілді үш номинацияда өнер көрсетті. Іс-шара соңында қатысушыларға Алғыс хаттары тапсырылды.
2015 жылғы 1 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Білім күніне орай іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға оқытушылар, студенттер, ата-аналар мен басқа да қонақтар қатысты. Талапкерлерді бірінші курсқа қабылдау жөнінде бұйрық оқылып, іс-шара одан әрі ҚМПИ ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаевтың құттықтау сөзімен жалғасын тапты.
2015 жылғы 04 маусымда Қостанай қаласының сити-орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған патриоттар форумы өтті. Форумға Қостанай облысының жоғары оқу орындарынан студенттер қатысты. Салтанатты іс-шарада мемлекеттік рәміздер жайлы үздік бейнеролик әзірлеген конкурсқа қатысушылар марапатталды. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының 250-дей студенті қолдарына шар, жалаушаларын ұстап шығып, аталған іс-шараға белсене атсалысты. Форум соңы мерекелік концертке ұласты.
30 сәуірде мұражай меңгерушісі Г.А. Карина және мұражай үйірмесінің студенттері Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау шеңберінде, 1 курс студенттеріне «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында іс-шара өткізді. Бүгінде біз еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске аламыз. Олар соғыс уақытында көпірлер мен өткелдер салып, соғыс аяқталғаннан кейін, жау талқандаған қалалар мен ауылдарды қалпына келтірді.
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт қабырғасында Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында көптеген мерекелік шаралар көптеп өткізілуде. Солардың ішінде ауқымды көрініс тапқаны 24 сәуір күні өткен «Жеңіс жолдарымен!» атты халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі. Облыстың жоғары оқу орындарынан жиналған студент жастар өнер додасында аянып қалмады. Бірі әуезді ән салса, енді бірі ұлттық аспаптардың құлағында ойнады. Ал мың бұралған бишілер сахна төрінде құбылжыта өнер көрсетті. Екі сағатқа созылған мерекелік кешке келген өнер сүйер қауым көтеріңкі көңілде болып, жақсы демалып қайтқаны сөзсіз.
2015 жылғы 15 сәуірде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «ҚМПИ Аруы-2015» байқауы болып өтті. Байқауға әр факультеттен кастингтен өтіп, финалға жолдама алған 8 ару қатысты. Байқау өзін таныстыру, шығармашылық нөмір, үй тапсырмасы, дефиле секілді бірнеше кезеңнен тұрып, аруларымыз тапсырмаларды ойдағыдай сәтті орындап шықты. Байқауға қатысушы барлық арулар дайындықтарының жоғары деңгейде екендігін көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша тарих және өнер факультетінің студенті Анель Сейтова ҚМПИ Аруы-2015 атағына ие болды.
2015 жылғы 5-12 наурыз аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған бірқатар іс-шаралар жүргізілді. Дәрістер, тренинг, акциялар өткізілді. Іс-шараға салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығының үйлестірушілері мен мамандары қатысты. «Психология» мамандығында оқитын және темекі шегу, ішімдікке салынудың алдын алу курсынан өткені туралы сертификатқа ие болған студенттер қатарынан 10 волонтер таңдалып алынды.