«Жеңіс жолдарымен!»

24.04.15Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт қабырғасында Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында көптеген мерекелік шаралар көптеп өткізілуде. Солардың ішінде ауқымды көрініс тапқаны 24 сәуір күні өткен «Жеңіс жолдарымен!» атты халықаралық жастар шығармашылығы фестивалі. Облыстың жоғары оқу орындарынан жиналған студент жастар өнер додасында аянып қалмады. Бірі әуезді ән салса, енді бірі ұлттық аспаптардың құлағында ойнады. Ал мың бұралған бишілер сахна төрінде құбылжыта өнер көрсетті. Екі сағатқа созылған мерекелік кешке келген өнер сүйер қауым көтеріңкі көңілде болып, жақсы демалып қайтқаны сөзсіз.Астанадан келген қазылар алқасы, жүйріктердің ішінен жүйрікті таңдау оңай болмағанын айтады. Бірақ дегенменен оза жапқандар халықаралық фестивальдің Елорда төрінде өтетін республикалық сатысына жолдамалар алды. Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін «Жеңіс жолдарымен!» атты халықаралық жастар шығармашылығы фестиваліне ҚМПИ Хор ұжымымен «Айару» бишілер тобы жолдама алғанын қуанышпен жеткіземіз. Өнерлі жастарға тек шығармашылық табыстартілейміз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз