«Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды»
- Подробности
- Опубликовано: 30 апреля 2015
30 сәуірде мұражай меңгерушісі Г.А. Карина және мұражай үйірмесінің студенттері Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлау шеңберінде, 1 курс студенттеріне «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды» тақырыбында іс-шара өткізді. Бүгінде біз еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді құрметпен еске аламыз. Олар соғыс уақытында көпірлер мен өткелдер салып, соғыс аяқталғаннан кейін, жау талқандаған қалалар мен ауылдарды қалпына келтірді.
Жеңіс күні біз Отан үшін мерт болған қаһармандардың ерлік рухына бас иіп, көзі тірі ардагерлерімізге – Ұлы Отан соғысының жауынгерлері мен тыл еңбекшілеріне зор алғысымызды білдіреміз. Олардың өмірі – ерліктің, батырлықтың және Отанға деген адалдықтың үлгісі. Біз олардың алдында үлкен қарыздармыз. Ардагер аталарымыздың барлығы да жеңіке өз үлестерін қосып, халықтың мәңгі есінде қалды. Студенттер соғыс жылдары Қостанай мұғалімдер институтында жұмыс істеп, 50-80 жылдары студент жастарды оқытып-тәрбиелеген оқытушылармен, зұлым соғыстан кейін бейбіт өмірге оралуға өз үлестерін қосқан соғыс ардагерлерімен кездесті.