Білім күні

01.09.152015 жылғы 1 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Білім күніне орай іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға оқытушылар, студенттер, ата-аналар мен басқа да қонақтар қатысты. Талапкерлерді бірінші курсқа қабылдау жөнінде бұйрық оқылып, іс-шара одан әрі ҚМПИ ректоры, профессор Қ.М.Баймырзаевтың құттықтау сөзімен жалғасын тапты. Ректордан кейін сөз алғандар қатарында педагогикалық еңбек ардагерлері С.О.Оспанов, профессор И.К.Терновой, «Алтын белгі» иегері Анна Чунина болды. Алғашқы қоңырау соғу құрметі – «Алтын белгі» иегері Е.Киреева мен спорттық гимнастикадан ҚР бірнеше дүркін чемпионы С.Каданцевқа бұйырды. Мерекелік іс-шара Ұлт жоспары - институционалдық реформасын жүзеге асырудыӊ 100 нақты қадамын іске асыру аясында «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттермен әзірленген, «Жастар – нұрлы болашақ бастауы» республикалық жастардың флеш-моб ұйымдастыруымен аяқталды. Іс-шарадан кейін 1 курс студенттері институт пен факультеттерді аралап, танысты.

01.09.15 d01.09.15 day znan 301.09.15 day znan 401.09.1501.09.1501.09.15

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз