2016 жылғы 24 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - тұғырым» байқауының жалғасы өтті. Байқау мақсаты: хореографиялық өнер арқылы студент жастардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру; Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтау және дамыту; жастарды өнерге, поэзияға баулу, олардың шығармашылық өсуі үшін жағдай жасау. Байқау «хореография» және «поэзия» номинациялары бойынша өтті.
2016 жылғы 23 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік - тұғырым» көркемөнерпаздар байқауы өтті. Байқау мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанымыздың басты жетістіктерін насихаттау, студенттер бойында патриоттық тәрбиені, шығармашылық белсенділікті дамытып, жаңа таланттарды ашу. Байқау екі номинация бойынша өтті: вокалдық және аспаптық орындау. Байқауға институт қызметкерлері мен оқытушылар, студенттер қатысты.
2016 жылғы 10 қарашада Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Деструктивті діни ағымдар: қаупі, түрі және әдіс-тәсілдері» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Дін істері және азаматтық қоғам басқармасының өкілдері студенттермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дәстүрлі және дәстүрлі емес діни ағымдар жайлы хабардар етті. Өздері мен туысқандарын дәстүрлі емес діни ағымдардың қатерінен сақтандыру тәсілдері туралы әңгімеледі. Кездесу диалог түрінде өтті.
27 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Халықаралық отбасы күніне орай отбасын құрған студенттер арасында «Мерейлі отбасы» іс-шарасы өткізілді. Конкурсқа екі отбасылы жұп: тарих және өнер факультетінің музыкалық білім мамандығының 4 курс студенті Гүлнұр Жақсылықова және Еркебұлан Олжабаев, психология-педагогика факультеті дефектология мамандығының 1 курс студенті Мария Кузина және жұбайы Дмитрий Петрович Кузин қатысты.
2016 жылғы 21 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Ректор кубогі үшін Жайдарман ойыны өтті. Жаңа маусым фестиваль мен 1/8 финалдық ойынымен басталды. Ойынға облысымыздың жоғары және орта арнайы оқу орындарынан 8 команда қатысты. Әр команда «Таныстыру» конкурсында өз шеберліктерін көрсете білді. Ойын жоғары дәрежеде өтті.
2016 жылғы 6 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында бірінші курс студенттерінің дәстүрлі әрі маңызды мерекесі «ҚМПИ студенттігіне қабылдау – 2016» мерекелік іс-шарасы өтті. ҚМПИ ректорының міндетін атқарушы Е.А.Әбіл студенттерді құттықтап, 1 курс студенті Айдос Кызыринов пен «Алтын белгі» иегері Гүлзира Тасановаға студенттік билеттерін тапсырды.
2016 жылы 9 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Халықаралық мұғалімдер күні 1994 жылдан бастап әлемнің 100-ден аса елінде тойлана бастады. Бұл күні мұғалімдердің рөлі мен еңбегі, жастарды тәрбиелеу мен оқытуда қосқан баға жетпес үлесі, білім беру үрдісінің сапасын көтерудегі қажымас қайраты бағаланады.
2016 жылғы 26 қыркүйекте Қостанай қаласының Сити орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Министрлігінің Қостанай облыстық департаменті Білім басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы және Қостанай қаласы әкімдігімен бірлесе отырып, мемлекеттік қызмет мәртебесін көтеруге бағытталған «Мемлекеттік қызмет – менің таңдауым» эгидасымен облыстық флешмоб конкурсын өткізді.
2016 жылғы 16 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының спорт алаңында Денсаулық күніне орай институт оқытушылары мен студенттері арасында спорттық іс-шара өткізілді. Қатысушылар спорттың тоғыз түрі бойынша жарысты: Волейбол, шағын футбол, асық ату, эстафета, гір спорты, дартс, арқан тартыс, армрестлинг, ұзындыққа секіру.
2016 жылғы 6 қыркүйекте «Водитель АВС» автомектебінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері және Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі проблемалар орталығымен бірлесе отырып, «Жол-көлік оқиғасына ұшыраған тұлғаларға уақтылы дәрігерлік көмек көрсету» тақырыбында семинар өткізді.