ҚМПИ ректоры кубогі үшін жайдарманның 1/8 финалы

2016 жылғы 21 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Ректор кубогі үшін Жайдарман ойыны өтті. Жаңа маусым фестиваль мен 1/8 финалдық ойынымен басталды. Ойынға облысымыздың жоғары және орта арнайы оқу орындарынан 8 команда қатысты. Әр команда «Таныстыру» конкурсында өз шеберліктерін көрсете білді. Ойын жоғары дәрежеде өтті.
Конкурс қорытындысы:
1 орын – «iD TV» құрама командасы;
2 орын – М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Парламент» командасы;
3 орын – Қостанай политехникалық колледжінің «Көңілді студенттер» командасы. Командалардың барлығы да 1/4 финалдық ойынына жолдама алды.

Фотогалерея

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар ҚМПИ ректоры кубогі үшін жайдарманның 1/8 финалы