Мұғалімдер күні
- Подробности
- Опубликовано: 29 сентября 2016
2016 жылы 9 қыркүйекте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Халықаралық мұғалімдер күні 1994 жылдан бастап әлемнің 100-ден аса елінде тойлана бастады. Бұл күні мұғалімдердің рөлі мен еңбегі, жастарды тәрбиелеу мен оқытуда қосқан баға жетпес үлесі, білім беру үрдісінің сапасын көтерудегі қажымас қайраты бағаланады.
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректор Т.Ә.Ахметов институттың ұстаздар қауымын құттықтап, құрмет грамоталарын табыс етті. Салтанатты іс-шараға ҚМПИ ардагерлері шақырылып, ақшалай сыйлықтар берілді. Іс-шара одан әрі институт студенттерінің концерттік нөмірлерімен жалғасты. Педагогикалық еңбек ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, концерттен соң, кафедра отырыстарына шақырылды.