«Жол-көлік оқиғасына ұшыраған тұлғаларға уақтылы дәрігерлік көмек көрсету» семинары
- Подробности
- Опубликовано: 06 сентября 2016
2016 жылғы 6 қыркүйекте «Водитель АВС» автомектебінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері және Қостанай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі проблемалар орталығымен бірлесе отырып, «Жол-көлік оқиғасына ұшыраған тұлғаларға уақтылы дәрігерлік көмек көрсету» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда «Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару бөлімі» ММ бас маманы Наталья Владимировна Лосенкова және «Қостанай қаласының Солтүстік аймақтық аэромобильді жедел құтқару бөлімі» ММ фельдшер құтқарушысы Дмитрий Владимирович Афанасьев баяндама оқыды. Семинарда мамандар студенттерге жол-көлік оқиғасы кезінде не істеу керек және алғашқы дәрігерлік көмекті қалай көрсету қажеттігін түсіндірді.