«Студенттер қатарына қабылдау – 2016»

2016 жылғы 6 қазанда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында бірінші курс студенттерінің дәстүрлі әрі маңызды мерекесі «ҚМПИ студенттігіне қабылдау – 2016» мерекелік іс-шарасы өтті. ҚМПИ ректорының міндетін атқарушы Е.А.Әбіл студенттерді құттықтап, 1 курс студенті Айдос Кызыринов пен «Алтын белгі» иегері Гүлзира Тасановаға студенттік билеттерін тапсырды. Іс-шара студенттердің концерттік нөмірлерімен жалғасып, олардың сахналық қойылымдары әр факультеттің кәсіби бағыты мен ерекшелігін көрсете білді. Студенттер қатарына қабылдау мерекелік іс-шарасы бірінші курс студенттерінің есінде қаларлықтай өте көңілді, әрі ерекше өтті. Бірінші курс студенттерін мерекелерімен шын жүректен құттықтай отыра, оларға оқуда, ғылым мен қоғамдық өмірде үлкен жетістіктер тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Студенттер қатарына қабылдау – 2016»