2018 жылдың 16 қаңтар айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Жастар және студенттер ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің маманы Есімханов Қуаныш Дауылбайұлы мен белсенді студент, ҚМПИ Жастар Медиа орталығының басшысы, 2 курс студенті Нұрышева Меруерт, қаламыздағы «Алау» телерадиокомпаниясының «Өмір ағымы» бағдарламасында, тікелей эфирде қонақта болды. Бағдарламада студенттердің қазіргі таңдағы белсенділігі, студенттік ұйымдардың жұмысы, ҚМПИ қабырғасында студенттермен жұмыс барысы және алға қойылған жоспарлар жайлы әңгіме үрбіді.
2017 жылдың 12 желтоқсанында Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония ғимаратында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы үшін филармония әртістерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған мерекелік концерт өтті. Залда ҰОС тыл еңбеккерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, ғалымдар, институттың ұстаздары мен студенттері болды. Басы ҚМПИ ректоры м.а., педагогикалық ғылым кандидаты Г.А. Мусабекованың құттықтау сөзімен басталды.
2017 жылдың 8 желтоқсан күні біздің институт қабырғасында, тек қана Қостанай облысы емес барлық Қазақстанға танымал тұлға, қазақ кәсіпкері, ойлап табушы, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушысы, ҚР Президенті жанындағы ұлттық инвесторлар Кеңесінің мүшесі (2007-2011), «ТПК «Карасу» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Еңбек Ері (2016), Қостанай облысы меценаттар клубының мүшесі - Тұрсынов Алмат Жанәбілұлымен кездесу өтті. Алмат Жанәбілұлы 1966 жылдың 17 қаңтарында года Қостанай облысының Қарасу ауылында дүниеге келіп, сол жердің орта мектебін бітіреді. С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін тәмамдап, 2000 жылы – Қазақ мемлекеттік басқарма академиясын «Халықаралық экономилық қатынастар» мамандығы бойынша аяқтайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы - заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме. 2017 жылдың 8 желтоқсан күні Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда Қазақстан халқы Ассамблеясының 25-ші сессиясына арналып «Туған жер» атты облыстық фестиваль өтті.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ҚМПИ-нің ұйымдастыруымен аймағымыздың көптеген маңызды тұлғаларымен кездесулер өткізіліп жатыр. 2017 жылдың 8 желтоқсан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында «Егемен Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» номинациясы жеңімпазы Жаримбетова Назира Қыпшақбайқызымен кездесу өтті. Кездесу мақсаты – фото және видео материалдармен жұмыс жасау бойынша мастер-класс өткізу.
2017 жылдың 7 желтоқсан күні Қостанай қаласының Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармониясында облыс әкімі Мухамбетов Архимед Бегежанұлының қатысуымен Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 сессиясы өтті. Сессияның негізі тақырыбы, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру. Болашаққа бағдар» бағдарламасын қолдау аясында басталды. Алғашқы сөзді бастаған облыс әкімі Мухамбетов Архимед Бегежанұлы да осы бағдарламаның болашаққа деген жарқын жол екендігін тілге тиек етті. Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы Шуленов Мәжит Мақсұтұлы биылғы жылды қорытындылай келе, келер жылға қойлыған мақсаттарды да айта кетті.
2017 жылдың 3 желтоқсан күні «Дионис» ойын-сауық кешенінде «Студенттік ару-2017» байқауы өтті. Байқауда Қостанай облысы ЖОО, колледждерінің сұлу да талантты студент қыздары бағын сынады. Біздің институт атынан: Жаратылыстану-математика факультетінің 2 курс студенті Умбетова Динара мен Психология-педагогика факультетінің 2 курс студенті Нұрахмет Дана қатысты. Қыздар 3 қараша күні ҚМПИ акт залында өткен кастингте іріктеліп алынған болатын.
Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса қатерлі вирустық дерт. Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде ЖИТС пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады. ЖИТС-пен Дүниежүзілік күрес күні 1 желтоқсанда аталып өтеді. Алғаш рет ДДСҰ-мен (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) 1998 жылы аталып өтіп, 1996 жылдан бері ЮНЭЙДС-пен (UNAIDS, БҰҰ-ның біріккен бағдарламасы) аталуда.
2017 жылдыі 30 қараша күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының А-205-ші аудиториясында, институт студенттері Ассамблеясының бастамасымен белсенді студенттердің көшбасшылық қасиеттерін арттыру мақсатында семинар-тренинг өтті. Тренинг мақсаты: топтағы қатысушылардың жеке қасиеттерін ашу. Көшбасшы – топтағы аса маңызды жағдайларда, басқаларға соны орындататын шешім қабылдай алатын топ мүшесі. Яғни, топтың барлық мүшелерінің қызығушылығын оятатын және қызметінің бағытын анықтай алатын шешім қабылдау қабілеті бар адам.
2017 жылдың 27 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институт акт залында, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында, қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қауіпсіздігі инспекторы Сәрсенбаева М.А. мен полицияның бөлімше инспекторы Шпикин А.В. мен студенттер арасында кездесу өтті. Кездесу барысында құқық қорғау органы өкілдері студенттерге өз құқытарын түсіндіріп, Қазақстан Репсубликасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің және қылмыстық кодекстің қазіргі жастар арасында жиі кездесетін баптарымен нақты түсіндіріп кетті. Кездесу аяғында студенттер қазіргі кездегі жастардын көбісі жасайтын әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық кодексінің баптары бойныша сұрақтар қойылып тиісті жауаптарын алды.