ЖИТС-пен Дүниежүзілік күрес күніне орай өткен акция есебі
- Подробности
- Опубликовано: 30 ноября 2017
Жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы (ЖИТС, ағылш. AIDS) - аса қатерлі вирустық дерт. Вирус иммундық жүйесінің жасушаларының жұмысын бұзып, жойып, нәтижесінде ЖИТС пайда болып, адам организмінің қорғаныс механизмдерінің жұмысы бұзылып, инфекция мен қатерлі ісіктерлерден кәдімгі иммунды статус қалыпта болған жағдайда дамымайтын оппортунисттік аурулар пайда болады. ЖИТС-пен Дүниежүзілік күрес күні 1 желтоқсанда аталып өтеді. Алғаш рет ДДСҰ-мен (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) 1998 жылы аталып өтіп, 1996 жылдан бері ЮНЭЙДС-пен (UNAIDS, БҰҰ-ның біріккен бағдарламасы) аталуда. Бұл күн, осы аурудың құрбандарын еске алу және ВИЧ-инфкцияның таралуынан пайда болатын ЖИТС ауруы жайлы хабарды тарату мақсатында бекітілген.
Көптеген мемлекеттік, қоғамдық және медициналық ұйымдар бұл күні барлық елдерде ағартушылық және диагностикалық іс-шаралар өткізеді. Біздің институт студенттері де бұл шарадан тыс қалмай, ЖИТС-пен Дүниежүзілік күрес күніне орай акция өткізді. Акция 2017 жылдың 29 қараша күні екінші қабат холлында өтті. Белсенді студенттер «ЖИТС» тақырыбында институт студенттері мен ұзтаздарына сұрақтар дайындап, әр дұрыс жауапқа қатысушылар тәтті сыйлық алды.