2019 жылдың 17 мамырында университеттің 80 жылдық мерейтойы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетініне Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілуіне арналған физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлы ескерткішінің салтанатты ашылуы болды. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне ұлы ғалымның туыстары, облыс басшылығы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, конференция қонақтары қатысты. 

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80-жылдығы қарсаңында, екінші жыл қатарынан, студенттердің бастамасымен 16 сәуір күні университет қабырғасында «ҚМПУ дауысы - 2019» вокал байқауы өтті. Байқауды Б.Момышұлы атындағы №5 орта мектебінің кадет-барабаншылар ансамблі салтанатты түрде ашты. Байқау екі кезеңнен тұрды, 1-ші кезеңде қатысушыларға толық мүмкіндік беріліп, өздері таңдаған әндерін орындаса, екінші кезеңде жеребе арқылы таңдаған 1970 - 2005 жылдар аралығындағы хит әндерді шырқады. Финалда жеңіске 7 қатысушы бақ сынады.

2019 жылдың 19 наурызында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің спорт залында, әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып келген Ұлыстың ұлы күні – наурыз мейрамы өтті. Ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі аластау рәсімімен бастау алды. Ақ жаулықты әжелер тобы адыраспан жағып, мереке тойлауға келген студенттер мен ұстаздар қауымын аралап, аластап, ақ батасын берді. Сәбитбек Жанеркенің – Наурыз думан әнінен кейін халқымыздың қасиетті биі «Қаражорғаны» да қастерлеп, оны қазақ билерінің атасы, ескіден келе жатқан ежелгі мұрамыз деп білген жастар ортаға шығып, «Қаражорғаға» биін биледі. Төретбаева Акмарал – Толғау, Бейсембаева Салтанат – Туған жер, Мадина Нағашыбаева мен Қызырынов Айдос – Қазақ ұраны әнімен, Роялс - Қазақ биімен ортада өнер көрсетті.

2019 жылдың 5 наурызында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай сұлулар мен таланттылардың бағын сынаған «ҚМПУ аруы-2019» байқауы өтті. Грандфиналға жолдама алған 8 ару байқауда, 4 кезеңде өнерін ортаға салды: «Таныстыру», «той көйлегінде дефиле», «өнер сайысы», «кешкі көйлекте дефиле». Байқау мақсаты өнерлі жастарды іріктеп, олардың көркем-эстетикалық және азаматтық-патриоттық тәрбиесін дамыту.

2019 жылдың 21 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Студенттік парламент төрағасын сайлау өтті. Сайлау қарсаңында бір күн бұрын университеттің 2-ші қабатында сайлау қатысушылары үшін 3 секциялы кабиналар, 1 бюллетень жинау жәшігі және дауыс берушілерді тіркеп, оларға бюллетень тарататын 5 ұйымдастыру алқасы тағайындалған болатын. Сайлау барысында, оның әділетті өтуін ұйымдастырушылармен қатар, әр үміткердің өздері тағайындаған бақылаушылары да қадағалап отырды. Дауыс беру таңғы сағат 08:00-ден басталып, 13:00-де аяқталды.

2019 жылдың 13 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттің конферец-залында «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен, бизнес саласында көптеген жеңістікке жеткен кәсіби бизнес-ментор Пирог Игорь Анатольевичпен кездесу өтті. Кездесу басында қонағымыз бизнес-ментор түсінігін талқылап, оның негізгі міндетіне тоқталды. Кәсіпкерлік саласында бизнес-ментор болу – бұл жаңа құбылыс. Батыста бизнес-менторлар – яғни тәжірибелі кәсіпкерлермен ынтымақтастық кең таралған тәжірибе, себебі бұл стартап-даму барысында да үлкен көмек, дұрыс бағдар береді.

2019 жылдың 11 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Студенттік Парламент төрағасына үміткер студенттер, Жаратылыстану-математика факультеті, География мамандығының 3 курс студенті, қазіргі таңда Жоғары студенттер кеңесінің төрағасы Жаманкулова Махаббат, Психология және педагогика факультетінің 2 курс студенті, ҚМПУ студенттер Альянсының вице-лидеры Төлегенова Айзат және Филология факультеті, Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 3 курс студенті, Қазақ-түрік лицейінің түлегі, университеттің қоғамдық өмірінің белсенді студентті Әмирғалиев Әліби жергілікті «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының таңғы «Тобыл таңы» бағдарламасында қонақта болды. Бағдарлама басында үміткерлер өздерін толық таныстырып, сайлаудың өту барысы жайлы әңгіме қозғады.

2019 жылдың 4 ақпаны күні Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ акт залында ауқымды «МИСС ҚМПУ-2019» сұлулық байқауына іріктеу кезеңі өтті. Қыздарды өз ісінің мамандары, балалар шығармашылығы мектебінің қоюшы-режиссері Чеботарь Константин, «МИСС Қостанай» продюссері, "ROSMODEL" моделдік агеттігінің директоры Айсұлу Туткушева іріктеді. «МИСС ҚМПУ-2019» байқауының бас модераторы, студенттер мәдениет үйі басшысы Шөкенов Жалғасбек. Байқауда университеттің 20 сұлу - әрі талантты арулары бағын сынады.

2019 жылдың 23 қаңтары күні сағат 11:00-де Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында, Астана қаласындағы «ЭКСПО-2017» көрмесі кешеніндегі «Нұр әлем» павильонында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылының ашылу салтанаты тікелей эфирден ұстаздар мен студенттер назарына ұсынылды. «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен өткен іс-шараға Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты кеңесінің мүшелері, «100 жаңа есім» байқауының жеңімпаздары, «Болашақ» бағдарламасының түлектері, «Дарын» сыйлығының иегерлері, жас ғалымдар, шығармашылық, студенттік және жұмысшы жастар өкілдері, жас спортшылар, дарынды балалар, заманауи медиа саласының өкілдері, балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері, ерекше қажеттіліктері бар жастар, жас әскери қызметкерлер қатысты.

2019 жылдың 16 қаңтарында Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында "Нұр Отан" партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен жабдықталған "Bilim ortalygy" ашылу салтанатын өткізіп, өз жұмысын бастады. Бұл жиынға Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет студенттерi де қатысты. Алдағы уақытта кез келген жас буын кітапхананың ақпараттық ресурстарын пайдаланып, ұлттық ойындарымыз тоғызқұмалақ, асық ойнап, дойбы мен шахматтан қабілетін сынап, қазір жастар арасында танымал 3D вертуалды шынайы көзілдірік ойындарын да ойнауға болады.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар