Сайлау үміткерлері «Тобыл таңы» бағдарламасында

2019 жылдың 11 ақпанында Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ Студенттік Парламент төрағасына үміткер студенттер, Жаратылыстану-математика факультеті, География мамандығының 3 курс студенті, қазіргі таңда Жоғары студенттер кеңесінің төрағасы Жаманкулова Махаббат, Психология және педагогика факультетінің 2 курс студенті, ҚМПУ студенттер Альянсының вице-лидеры Төлегенова Айзат және Филология факультеті, Шетел тілі: екі шетел тілі мамандығының 3 курс студенті, Қазақ-түрік лицейінің түлегі, университеттің қоғамдық өмірінің белсенді студентті Әмирғалиев Әліби жергілікті «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының таңғы «Тобыл таңы» бағдарламасында қонақта болды.

Бағдарлама басында үміткерлер өздерін толық таныстырып, сайлаудың өту барысы жайлы әңгіме қозғады. Университеттің белсенді студенттері ішінен таңдалып алынған үміткерлерге бағдарлама жүргізушілері тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Әр үміткер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен бөлісіп, алға қойған мақсаттары мен міндеттерін айтып, ойларын кеңінен жеткізді. Нәтижесін 21 ақпан, сайлау күні күтеміз. Үміткерлерге сәттілік тілейміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Сайлау үміткерлері «Тобыл таңы» бағдарламасында