Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы!

2019 жылдың 19 наурызында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің спорт залында, әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып келген Ұлыстың ұлы күні – наурыз мейрамы өтті. Ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі аластау рәсімімен бастау алды. Ақ жаулықты әжелер тобы адыраспан жағып, мереке тойлауға келген студенттер мен ұстаздар қауымын аралап, аластап, ақ батасын берді. Сәбитбек Жанеркенің – Наурыз думан әнінен кейін халқымыздың қасиетті биі «Қаражорғаны» да қастерлеп, оны қазақ билерінің атасы, ескіден келе жатқан ежелгі мұрамыз деп білген жастар ортаға шығып, «Қаражорғаға» биін биледі. Төретбаева Акмарал – Толғау, Бейсембаева Салтанат – Туған жер, Мадина Нағашыбаева мен Қызырынов Айдос – Қазақ ұраны әнімен, Роялс - Қазақ биімен ортада өнер көрсетті.

Қатысушылар мен қонақтар Наурыз мейрамына арнайы жайылған дастарғаннан дәм татып, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, қол күресі, гір көтеру сияқты спорт сайыстарына тарқасты. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталып, естен кетпес әсер алып қайтты.

Тәуелсіздік алғаннан бері Наурыз ерекше маңызға ие болып, айрықша атап өтелетін жағдайға жеттік. Осы көне Наурыз мерекесі көктемнің келгенін, табиғаттың оянғанын білдіріп, жаңа жылдың басы ретінде туған Отанымызға деген барлық ұлттар мен ұлыстардың ықыласын біріктіріп, түрлі ұлттық салт-дәстүрлер, туыстықпен бір-біріне деген құрметті білдіреді. Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы!