Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80-жылдығына арналған салтанатты іс-шара

2019 жылдың 17 мамырында университеттің 80 жылдық мерейтойы мен Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетініне Өмірзақ Сұлтанғазиннің есімі берілуіне арналған физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Сұлтанғазин Өмірзақ Махмұтұлы ескерткішінің салтанатты ашылуы болды.

Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне ұлы ғалымның туыстары, облыс басшылығы, мемлекет және қоғам қайраткерлері, конференция қонақтары қатысты. ҚР мемлекет және қоғам қайраткері Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы, ҚР Парламент Сенатының депутаты Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Қостанай облысы ардагерлер Кеңесінің төрағасы Укин Кенжебек Укинұлы ескерткіштің лентасын қиды.

-

Ескерткіштің салтанатты ашылуы, академик Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин атындағы кабинеттің ашылуымен жалғасты. Дәстүрлі лентаны қию құрметі Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы мен Сағадиев Кенжеғали Әбенұлына берілді.

Умирзак Султангазин

Жоғары оқу орнының 80 жылдығы мерекесінің жалғасы ретінде 2019 жылы 18 мамырда Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жеңіс Мирасұлы Нұрғалиев, Қостанай облысы мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ерғазыұлы Есщанов, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлары құттықтау сөзін сөйледі.

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Шыңғысұлы Бектұрғанов өткізген марапаттау рәсімінде Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дың келесі оқытушылары марапатталды:

  • Аманжол Күзембайұлы, Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы –көпжылдық және жемісті еңбегі үшін «Еңбек ардагері» төсбелгісімен;
  • Брагин Евгений Александрович,профессор, жаратылыстану ғылымдары кафедрасының қауымдастырылған профессоры, биология ғылымдарының кандидаты – «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;
  • Өтегенова Бибікүл Мазанқызы,педагогика кафедрасының меңгерушісі, доцент, педагогика ғылымдарының кандидаты – «Ы. Алтынсарин» төсбелгісімен;
  • Пчелкина Татьяна Ростиславовна, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты – «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»төсбелгісімен;
  • Смаглий Татьяна Ивановна, психология және дефектология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты – «Білім беру ісінің құрметті қызметкері»төсбелгісімен.

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасының» иегерлері:

  1. Жакаева Кунсулу Ануарбековна – өнер кафедрасының аға оқытушысы;
  2. Огиенко Надежда Анатольевна – педагогика ғылымдарының кандидаты, дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының меңгерушісі;
  3. Альшанова Бахытжан Хамитқызы – философиялық ғылымдар кандидаты, қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  4. Дощанова Бактижамал Мугаловна – шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы;
  5. Арсаева Сара Болтайқызы – орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы;
  6. Кожмухаметова Аян Султановна – жаратылыстану ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдар магистрі;
  7. Таурбаева Гүлжан Ормантайқызы – химия ғылымдарының кандидаты, жаратылыстану ғылымдар кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  8. Самаркин Сергей Владимирович – тарих ғылымдарының кандидаты, қосымша және қашықтықтан білім беру факультетінің деканы;
  9. Қасымова Алмагүл Гиждуановна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика-математика пәндері кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  10. Сегизбаева Кенжегуль Конысбаевна – филология ғылымдарының кандидаты, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры;
  11. Тастекова Гүлдана Батталқызы – Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих магистрі;
  12. Балжанова Айгуль Магжановна – шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы.

-

Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы академиктің отбасына «Өмірзақ Сұлтанғазин» төсбелгісін табыстады. 

-

Сонымен қатар университеттің дамуына маңызды үлес қосқаны үшін «Өмірзақ Сұлтанғазин» төсбелгісімен келесі қоғам қайраткерлері марапатталды:

  1. Баймырзаев Қуат Маратұлы – география ғылымдарының докторы, профессор, Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры;
  2. Бектурганова Римма Чингисовна – педагогика ғылымдарының докторы, Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің ректор кеңесшісі;
  3. Терновой Иван Кондратьевич – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент;
  4. Қуанышбаев Сейтбек Бекенұлы – география ғылымдарының докторы, профессор, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры;
  5. Төлеген Мұхтар Әділбекұлы – заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, философия докторы, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры.

-

Іс-шараның құрметті қонағы Қуат Маратұлы Баймырзаев «Университет алдында сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін тапсыру рәсіміне қатысты. Жоғары оқу орнын дамытуға және оның беделін нығайтуға бағытталған жемісті еңбегі үшін марапатталды:

  1. Бикташева Галия Шарафовна – дене шынықтыру, спорт және туризм теориясы мен практикасы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, ЖАК доценті;
  2. Жаримбетова Назира Қыпшакбайқызы –«Егемен Қазақстан» республикалық газетінің меншікті тілшісі;
  3. Жақсан Оразалы Отынбайұлы –«Қостанай таңы» облыстық газетінің бас редакторының орынбасары;
  4. Айсина Жансұлу Жақсыбайқызы – «Музыкалық білім» мамандығының 4 курс студенті, республикалық және халықаралық вокалдық конкурстардың лауреаты.

-

Концерттік бағдарламаға Айсина Жансұлу, Тыштыбаев Марат, Умбетова Гүлнар, «Асыл Ару» триосы, ҚМПУ би ұжымы және т.б. қатысты.

Салтанатты іс-шараның арнайы қонағы Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестрінің ұжымы болды. Бас дирижер – Оразалин Берік.

-

Ө. Сұлтанғазин атындағы ҚМПУ-дің 80-жылдық мерей тойына орай ҚР Парламенті Сенатының Төрайымы Дариға Назарбаеваның құттықтау сөзі

Фотогалерея

ҚМПУ-дің 80-жылдығына арналған салтанатты іс-шара:

Өмірзақ Сұлтанғазин ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі::

ҚМПУ-дың 80-жылдығы құрметіне  ЖОО қызметкерлерін марапаттау:

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80-жылдығына арналған салтанатты іс-шара