«ҚМПУ дауысы - 2019»

Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің 80-жылдығы қарсаңында, екінші жыл қатарынан, студенттердің бастамасымен 16 сәуір күні университет қабырғасында «ҚМПУ дауысы - 2019» вокал байқауы өтті. Байқауды Б.Момышұлы атындағы №5 орта мектебінің кадет-барабаншылар ансамблі салтанатты түрде ашты. Байқау екі кезеңнен тұрды, 1-ші кезеңде қатысушыларға толық мүмкіндік беріліп, өздері таңдаған әндерін орындаса, екінші кезеңде жеребе арқылы таңдаған 1970 - 2005 жылдар аралығындағы хит әндерді шырқады. Финалда жеңіске 7 қатысушы бақ сынады.

Дайындалуға берілген 3 апта уақытта қатысушылар көлемді жұмыс жасап, сол кездегі танымал әншілердің бейнесін көрсетуге тырысты. «ҚМПУ дауысы» байқауының әділ бағасын беріп, жеңімпазды анықтайтын қазылар алқасы келесі құрамда болды: облысымыздың танымал әншілері Азамат Ибраев, Дүйсембаева Диана, Мария Кубжасова, әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай және биылғы жылы алғаш рет, студенттер тарапынан белсенділігімен көзге түсіп жүрген Студенттік парламент ішіндегі мәдени бұқаралық комитет басшысы – Жаманқұлова Махаббат. Байқауға қатысушылар: Каримова Диана, Карахметченко Дарья, Абдолла Дилара, Аубакирова Анель, Тюрина Анастасия, Төретбаева Ақмарал және Садақбаев Фараби бір-бірінен кем түспеді. Екінші кезеңде соңғы өнер көрсеткен Садақбаев Фараби, атақты Фредди Меркьюридің «We Will Rock You» әнімен естен кетпес шоу жасады.

Байқау нәтижесі, әділ-қазылардың шешімі бойынша «ҚМПУ дауысы - 2019» атағы Төретбаева Ақмаралға берілсе, екінші орын Абдолла Диалара, үшінші орын Каримова Дианаға бұйырды. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар, сертификаттар табысталды.

Фотогалерея

https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2499817543371657

https://ok.ru/profile/591721080357/album/878404689445

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз