Студенттік парламент төрағасын сайлау

2019 жылдың 21 ақпанында Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Студенттік парламент төрағасын сайлау өтті. Сайлау қарсаңында бір күн бұрын университеттің 2-ші қабатында сайлау қатысушылары үшін 3 секциялы кабиналар, 1 бюллетень жинау жәшігі және дауыс берушілерді тіркеп, оларға бюллетень тарататын 5 ұйымдастыру алқасы тағайындалған болатын. Сайлау барысында, оның әділетті өтуін ұйымдастырушылармен қатар, әр үміткердің өздері тағайындаған бақылаушылары да қадағалап отырды. Дауыс беру таңғы сағат 08:00-ден басталып, 13:00-де аяқталды. Дауыс беру ережесі бойынша, студентке ең алдымен студенттік билетін көрсетіп, тіркелгеннен соң бюллетень беріледі. Бюллетенмен кабинка ішінде құпия түрде таңдаған үміткерге дауыс беріп, жәшікке салады. Орта есеппен сайлауда 800-ге жуық студент дауыс берген.

Сайлау нәтижесі бойынша көп дауыс жинап, Студенттік Парламент төрағасы болған, Психология және педагогика факультетінің 2 курс студенті Төлегенова Айзатты құттықтаймыз!

Сайлаудың жалпы нәтижесі төмендегідей:

  • Төлегенова Айзат – 298 дауыс (43,2%)
  • Жаманкулова Махаббат – 238 дауыс (34,5%)
  • Әміргалиев Әліби – 154 дауыс (22,3%)

Студенттік Парламент төрағасын ресми түрде қабылдау 26 ақпан, сағат 12:00 де конференц-залда өтеді. Барлығыңызды күтеміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Студенттік парламент төрағасын сайлау