«ҚМПУ аруы-2019»

2019 жылдың 5 наурызында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде, 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай сұлулар мен таланттылардың бағын сынаған «ҚМПУ аруы-2019» байқауы өтті. Грандфиналға жолдама алған 8 ару байқауда, 4 кезеңде өнерін ортаға салды: «Таныстыру», «той көйлегінде дефиле», «өнер сайысы», «кешкі көйлекте дефиле». Байқау мақсаты өнерлі жастарды іріктеп, олардың көркем-эстетикалық және азаматтық-патриоттық тәрбиесін дамыту. Байқаудың негізгі міндеті: жарқын шоу, ЖОО дәрежесін жоғарлату, жастардың өзіндік шығармашылық бастамаларын кеңейту мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен танымал басылымдарды шақыру.

Байқау демеушілері: «MySkin» мультибренді корей косметика дүкені, «Глория» мейрамхана-қонақ үй кешені, «Элит оптика» оптика дүкендері желісі т.б.. Әділ-қазылар құрамында бас демеушілер мен "Rosmodel" сән агенттігінің директоры - Теклюк Карина, джаз оркестрінің орындаушысы - Туткушева Айсұлу, «Мисс КГПУ - 2019» қоюшы режжиссері және бас координаторы, Студенттер мәдениет үйінің басшысы Шөкенов Жалғасбек Мырзағалиұлы болды. Байқаудың бас қонағы және жүргізушісі танымал актер - Тәуекел Мүсілім.

Арулар байқауда келесі номинацияларға, орындарға ие болды: Мисс Зрительский симпатий - Арыстанбек Сымбат; Мисс Улыбка – Батырбек Әйгерім; Мисс Очарование – Дусаева Жұлдызай; Мисс Талант – Воронцова Анастасия; Мисс Элегантность – Арыстанбек Сымбат; Мисс Фотомодель – Маратова Ақжарқын; Мисс Оригинальность - Купабаева Анара; Мисс Нежность – Шатрова Анастасия; II -Вице Мисс-2019 - Шатрова Анастасия ; I-Вице Мисс-2019 – Воронцова Анастасия; байқау жеңімпазы, «Мисс КГПУ-2019» атағына ие болған ару Жакаева Аина.

Фотогалерея

https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=2337491446270935

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз