2018 жылдың 31 қазан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің екінші қабатында белсенді студенттердің ұйымдастыруы және қатысуымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткен болатын. Мақсатымыз Ренитопатия ауруының 5 деңгейіне шалдыққан Шишкина Викторияға қаржылай көмек. Белсенді студенттер қолдан дайындаған тағамдарын: торт, бауырсақ, тәтті тоқаштар т.епб. қонымды бағаға сатты. Біздің қызметшілер мен студенттердің қолдауы арқасында жиналған қаржы ауруға шалдыққан бүлдіршінге көмек жіберілмек.

2018 жылдың 28-30 қазан аралығында Тюмень қаласында «Жас Евразия» халықаралық жастар форумы өтті. Атаулы іс-шараға біздің университетімізден Жаратылыстану-математика факультетінің 3 курс студенті, Жоғары студенттер кеңесінің төрағасы Жаманкұлова Махаббат пен Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 4 курс студенті Шалғымбаев Диас барған болатын. Форум 4 топтан тұрды: «Гуманитарлық ынтымақтастық және мәдениетаралық диолог», «Жас кәсіпкерлік», «Трансганиялық ынтымақтастық жобалары» және «Ауыл территорияларын дамыту».

2018 жылдың 26 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы Ақкужинова Бибігүл Бүркітқызы, Жастар қанаты төрағасы Мухамеджанов Әлібек және Филология факультетінің деканы Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы мен ҚМПУ студенттер арасында кездесу өтті. Диалог алаңы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылауға арналды.

2018 жылдың 21-25 қазан аралығында Алматы қаласында Бірінші Республикалық ерікті студенттер слеті өтті. Бұл жиынға біздің университет студенттері, Психология және педагогика факульетінің 3 курс студенті Нұрахмет Дана мен 2 курс студенті Лантух Яна барған болатын. Дәріс тақырыптары біздің елдегі және аймақтағы еріктілер күшін дамыту. Басты мақсат: делегаттар мен лектор арасында білім мен тәжірибе алмасу. Кездесу диалог түрінде өтіп, форум қатысушылары өз ойымен бөлісіп, өз көзқарасын жеткізе білді. «Красный Полумесяц Казахстана» ҚҰ өкілдері біріші медициналық көмек тақырыбында, презентация көрсету арқылы, ифаркт, инсульт, сынық және эпилепсин кезінде қандай көмек көрсету керек екендігін айтып, екі сағаттық дәріс өткізді.

2018 жылдың 18 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет жатақханасы акт залында, жатақхана студенттері мен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, «Невада-Семей» антиядролық қоғалыс белсендісі, заңнамалық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі Сатмухамбетов Серік Өмірзақұлы арасында «Қазақстандық феномен: «Келісім мен толеранттылық» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті аппаратының басшысы Бекмағамбетов Руслан Қабдугалиұлы болды.

2018 жылдың 11 қазан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында «Студенттер қатарына қабылдау-2018» кеші өтті. Бекболат Жазықбаев пен Дана Нұрахмет «Өмір шіркін» әнімен сахнаны ашқаннан соң, университет ректоры, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы студенттерді құттықтап, студенттік билетті Арбада би билеуден Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Мұхтарова Маликаға табыстады.

2018 жылдың 5 қазаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің А201 аудиториясында ҚМПУ «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастаруымен «Ядролық қарудан бас тарту: осы шешімінің нәтижесі қандай? Осы шешімге сіздің көзқарасыңыз қалай? Ядролық қарудан бас тарту арқылы біз не жоғалттық?» тақырыбында факультет аралық қазақ және орыс тілінде дебат турнирі өтті. Университетіміздің «Парасат» пікірталас клубының қолдауымен өткен турнирде қатысушылар алты аудиторияға бөлініп, берілген тақырыпты талдап, ойынды қызу бастап кетті.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде қарттар күні мен ұстаздар күнін бірге атап өту дәстүрге айналған. Бұл күні барлығына – оқытушылар мен техникалық қызметкерлерге де, лаборанттар мен кітапханашыларға да ерекше құрмет көрсетіледі. Олардың барлығы да ертеңгі күнгі мұғалімнің қалыптасуына өз үлесін қосуда. Осы жылы да институт – университеттің ардагерлері мерекелік іс-шараға шақырылды. Ардагерлерге кіре берістен-ақ құрмет көрсетіліп, студенттер олардың әрқайсысын акт залындағы құрметті орындарына бастап барды.

2018 жылдың 3 қазан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында «Ұстаздар күніне» арналған мерекелік концерт өтті. Кеш жүргізушілері Зюбан Вячеслав пен Нағашыбаева Мадина концерт басында ұлағатты ұстаздар мен кешімізге келген ардагер ұстаздарды құттықтап, 2 курс студенттері Нұрдоллаева Мақпал мен Нұрахмет Дана «Учитель мой учитель» әнімен жалғастырды. Университетінің ректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы ортаға шығып, төл мерекесімен жиналған ұстаздардың барлығын құттықтап, марапаттау рәсіміне кірісті.

2018 жылдың 1 қазаны күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеттінің Қазақстан халық Ассамблеясы кафедрасында Костанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Жұрқабаев Марат Кенжебекұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында біздің университет қабырғасындағы студенттік ұйымдар мен үйірме лидерлері сөз сөйлеп, басқарма басшысымен жақын танысты. Кездесуге келген белсенді студенттер көкейтесті сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Марат Кенжебекұлы алға қойған жоспарларымен бөлісіп, студенттерге сәттілік тіледі.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар