«Студенттер қатарына қабылдау-2018»

2018 жылдың 11 қазан күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында «Студенттер қатарына қабылдау-2018» кеші өтті. Бекболат Жазықбаев пен Дана Нұрахмет «Өмір шіркін» әнімен сахнаны ашқаннан соң, университет ректоры, профессор Әбіл Еркін Аманжолұлы студенттерді құттықтап, студенттік билетті Арбада би билеуден Халықаралық деңгейдегі спорт шебері, Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 1 курс студенті Мұхтарова Маликаға табыстады.

Биылғы біздің студенттер ойлап тапқан университеттің «ҚМПУ аспаны аясында» ұраны да Ректормен бірге айтылды. Филология факультетінің 1 курс студенті Төребаева Ақмаралдың әнінен кейін, Факультеттерді таныстыру уақыты басталды.

Алғашқы болып сахна төріне, 2018 жылғы Ректор балы кубогының иегерлері Жаратылыстану-математика факультеті шықты. Кейін Әлеуметтік-гуманитарлық факультет, Филология факультеті, Дене шынықтыру, Спорт және Туризм факультеті және Психология және педагогика факультеттері өз өнерлерін ортаға салды. Әлеуметтік-гуманитарлық факультеттің 2 курс студенттері Нұрдоллаева Мақпал, Бекболат Жазықбаев әндерімен кешті аяқтады.

11 10 18 posv stud 1

11 10 18 posv stud 1

11 10 18 posv stud 1

11 10 18 posv stud 1

11 10 18 posv stud 1

11 10 18 posv stud 1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Студенттер қатарына қабылдау-2018»