Алматы қаласындағы ерікті студенттер слеті

2018 жылдың 21-25 қазан аралығында Алматы қаласында Бірінші Республикалық ерікті студенттер слеті өтті. Бұл жиынға біздің университет студенттері, Психология және педагогика факульетінің 3 курс студенті Нұрахмет Дана мен 2 курс студенті Лантух Яна барған болатын.

Слет бағдарламасы: дәріс өткізу мен Алматы қаласының тарихи орындары мен көрікті жерлеріне экскурсия. Төмендегі белгілі тұлғалармен де кездесулер өтті:

  • Дәурен Бабамұратов - «Жастар үні» ХҚҰ төрағасы және слет ұйымдастырушысы;
  • Тілеубек Тілеуов - заңгер;
  • Айсулу Ерниязова – «Еріктілер Лигасы» қоғамдық қорының төрағасы;
  • Асылхан Төлепов – Алматы қаласының маслихат депутаты;
  • Серік Есматов- «100 жаңа есім» жеңімпазы, волейболдан параолимпиада командасының капианы;
  • Арина Плохих - Алматы қаласындағы ЮНЕСКО-ның кластер бюросының бағдарламалық маманы;
  • Аслан Тусіпжанов – «Красный Полумесяц Казахстана» ҚҰ басшысы.

Дәріс тақырыптары біздің елдегі және аймақтағы еріктілер күшін дамыту. Басты мақсат: делегаттар мен лектор арасында білім мен тәжірибе алмасу. Кездесу диалог түрінде өтіп, форум қатысушылары өз ойымен бөлісіп, өз көзқарасын жеткізе білді.

«Красный Полумесяц Казахстана» ҚҰ өкілдері біріші медициналық көмек тақырыбында, презентация көрсету арқылы, ифаркт, инсульт, сынық және эпилепсин кезінде қандай көмек көрсету керек екендігін айтып, екі сағаттық дәріс өткізді.

Делегаттар Алматы қаласының ЖРО (Жастар ресурстық орталығы) ғимаратына, Райымбек батыр мавзолейі, «Depo Evolution Park» жастар лофт-орталығы, шаңғы трамплині, Тәуелсіздік монументі, Бірінші Президент саябағы, Қазақстан Ұлттық мұражайы т.б. көрікті жерлерге саяхат жасады.

Еріктілердің Бірінші Республикалық слетінің жабылуы банкет түрінде өтті. Слет қатысушылары өлең айтып, би билеп, әзілдеп, өз өнерлерін ортаға салып, толықтай таланттылар шоуын ұйымдастырды.

Біздің университет студенттері естен кетпес керемет әсер алып, көтеріңкі көңіл күйде оралды. Енді біз олардан жаңа идеялар мен нәтижелі жұмыстар күтеміз!

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Алматы қаласындағы ерікті студенттер слеті