Тюмень қаласындағы «Жас Евразия» халықаралық жастар форумы

2018 жылдың 28-30 қазан аралығында Тюмень қаласында «Жас Евразия» халықаралық жастар форумы өтті. Атаулы іс-шараға біздің университетімізден Жаратылыстану-математика факультетінің 3 курс студенті, Жоғары студенттер кеңесінің төрағасы Жаманкұлова Махаббат пен Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 4 курс студенті Шалғымбаев Диас барған болатын.

Форум 4 топтан тұрды: «Гуманитарлық ынтымақтастық және мәдениетаралық диолог», «Жас кәсіпкерлік», «Трансганиялық ынтымақтастық жобалары» және «Ауыл территорияларын дамыту».

Форумның ашылу салтанаты Тюмень тұрғындарының дайындаған керемет концертімен бастау алып, Солтүстік Орал мемлекеттік аграрлық университетіне және Ат спорты мектебі мен зертханасына басқа қаладан келген қатысушыларға экскурсия жүргізумен жалғасты. Ары қарай Тюмень қаласын автобуспен аралап, көптеген көрікті жерлеріне саяхат жасады.

Соңғы күн форум жұмысын қоытындылауға арналды. Әр делегат топ тақырыбына арнайы құрған жобаларын қорғады, өз ойларын білдірді. Іс-шара соңында форумның барлық қатысушыларына сертификаттар мен марапаттау қағаздары табысталды.

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Тюмень қаласындағы «Жас Евразия» халықаралық жастар форумы