«Қазақстандық феномен: «Келісім мен толеранттылық» тақырыбында кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 18 октября 2018
2018 жылдың 18 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет жатақханасы акт залында, жатақхана студенттері мен Қазақстан Республикасының қоғам қайраткері, «Невада-Семей» антиядролық қоғалыс белсендісі, заңнамалық актілерді әзірлеу бойынша жұмыс тобының мүшесі Сатмухамбетов Серік Өмірзақұлы арасында «Қазақстандық феномен: «Келісім мен толеранттылық» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуде Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті аппаратының басшысы Бекмағамбетов Руслан Қабдугалиұлы болды. Кездесу барысында тақырып толығымен ашылып, студенттер қажетті мағлұмат алды. Соңы студенттердің сұрақтарымен, кездесу қонағының қонымды жауаптарымен аяқталды.