Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын талқылау жастармен диалог алаңы

2018 жылдың 26 қазанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы» ММ басшысы Ақкужинова Бибігүл Бүркітқызы, Жастар қанаты төрағасы Мухамеджанов Әлібек және Филология факультетінің деканы Есіркепова Кенжегүл Қабылғазықызы мен ҚМПУ студенттер арасында кездесу өтті. Диалог алаңы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылауға арналды. Бибігүл Бүркітқызы Жолдаудың әр тармағын түбегейлі талғады:

  1. Тұрмыстық кірістердің өсуі
  2. Өмір сапасын жақсарту
  3. Жайлы өмір ортасын құру    
  4. Азаматтардың қажеттіліктеріне бағытталған мемлекеттік ақпарат    
  5. Тиімді сыртқы саясат
  6. Елдегі трансформация процестеріне әр қазақстандықты тарту

Кенжегүл Қабылғазықызы әр азаматтың ел тағдырына тигізетін ықпалы зор екенін айтып, заманауи Қазақстанның патриоты қандай болу керек екендігін тілге тиек етті. Әлібек Мұхмеджанов келесі жыл – Жастар жылы екенін еске сала кетті. Бұл жаңа жоспар, жаңа жоба, концепция, мақсатты индикаторлар. Бірлігі жарасқан ұлт болашағы біріншіден жастар қолында. Ең басты жаңалық – педагог статусының бекітілуі. Елбасының өз сөзінде, ұстаз білімнің қайнар бұлағы екендігін атап кетті.

Қонақтарға студенттер өз сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

-

-

Жусупов А.Ж.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын талқылау жастармен диалог алаңы