2018 жылғы 28 наурызда «Premium palace» мейрамханасында ҚМПУ Ректор балы салтанатты кеші ұйымдастырылды. Бал – бұл қашан да керемет әсер қалдыратын және тиянақты дайындықты қажет ететін ерекше іс-шара. Кеш барысында барлық факультеттердің дарынды та талапты шәкірттері ұйымдастырып, көрермендер назарына ұсынған сиқырлы Disney әлемінің ертегілері көрсетілді. Әсем әуен ойнап, нәзік би барлығына жайдары көңіл күй сыйлады. Ректор балының 1-ші қатысушыларының, яғни студенттеріміз жұп болып билеген «Вена вальсінен» бастау алды. Әсем әуенге орындалған вальс биі керемет әсер қалдырды. 

2018 жылдың 6 наурызы күні Қостанай мемлекеттік институтының акт залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концертте институттың тек қана ерлер ұжымы өнер көрсетті. Концерт басталмас бұрын, көрермен назарына институт ректоры бастаған ерлер ұжымының видео құттықтауы ұсынылды. Мерекелік концерт фортепианоның керемет жанды әуенімнен оқылған өлең жолдарымен ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспановтың құттықтау сөзімен басталып, әлеуметтік және академиялық жұмыс ісі жөніндегі проректор Г.А.Мусабекованың құттықтауымен жалғасын тапты.

2018 жылдың 5 наурызында ҚМПИ жатақханасында тұратын студенттердің ұйымдастыруымен 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау концерті өтті. Іс-шара жатақхана меңгерушісі Г.Ш.Ахонованың құттықтау сөздерімен басталды. Мерекелік іс-шараның өтуіне белсенді ат салысқаны үшін жатақхана меңгерушісі әр этаж басшыларына грамоталар табыстады. Іс-шара барысында қыздар барлығының алдында аналарына қоңырау шалып, мерекемен құттықтады.

Ақпанның 26 жұлдызында КВН кубогі өтті. Бұл студенттер арасындағы ең жарқын әрі атақты ойындарының бірі болып есептеледі. Командалар екі бөлімнен тұратын конкурстан жарысты, олар сәлемдесу және биатлон. Сахнада әзіл, биязы сатира, құмарлық және құштарлық ойнады. Залдағы көрермендер айтылған әзілдерді жақсы қабылдап, колдап – қолпаштады. Қатысушылардың әзілдері мен өнертапқыштықтары таң каларлықтай болды. Ұтымды ойын көрсетіп, ақырында сенімді түрде бірінші орын алып, грамота және кубокпен 2 курс студенттері «РЯиЛ» мамандығы бойынша марапатталды.

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының конферец-залында «Нұр Отан» партисы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының IV Съезі қарсаңында, «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның коуч-менторлары мен ҚМПИ студенттері арасындағы кездесу өтті. Кездесуде: «Даму» бағытының координаторы - Шөкеев Жанат, «Жас Отан» ЖҚ «Даму» бағытының көмекшісі – Жұмабаев Алмат, «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облысындағы өкілі - Төлетаев Ерлан болды. Кездесудің негізі мақсаты: жастар арасындағы негізгі мәселелерді талқылау және «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінің кандидатымен танысу.

2018 жылдың 9 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында, Еліміздің жүрегі – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «ҚМПИ дауысы – 2018» вокал конкурсы өтті. ҚМПИ ұшағының стюардессалары кешті салтанатты түрде ашып, ортаға ұшақ штурмандары, жүргізушілер Шокенов Жалғасбек пен Есімханов Қуанышты ортаға шақырды. 40 үміткердің ішінен 6 қатысушы іріктеліп алынған бұл сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, патриоттық сезім оятатын композициялар, екінші бөлімде қатысушыларға олардың бойындағы өнерін толықтай ашуы үшін еркін композиция орындауы қажет еді.

«Денсаулык» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 6 ақпаны күні институт холлының 2-ші қабатында, Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас кезіңде, Биле» тақырыбында флеш –моб өтті. Флеш-мобқа «Жас Отан» ЖҚ белсенді студенттері, ҚСА мен институт студенттері қатысты АСК и волонтеры института. Флэш-моб мақсаты: Студенттік жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау. СӨС орталығының маманы А.В.Богатова Салауатты өмір салтын насихаттау мен аурудың алдын алу жайлы айта кетті.

«Шын жүректен» акциясы шеңберінде 2018 жылдың 5 ақпаны күні ҚМПИ «Жас Отан» Жастар қанатының ерікті студенттері ҰОС ардагері Петрукович Михаил Федоровичпен кезекті кездесу өткізді. Акция мақсаты ардагерлерге барып, тұрмыста көмек көрсету. Михаил Федорович 1926 жылы дүниеге келген, Ұлы Отан соғысы бастау алған Белоруссия тумасы. Сол уақытта ол 14 жаста еді. Әскер қатарына барып, 44-45 жылдары Венгрия мен Чехословакияда соғысқан. Кейін бөлім құрамын таратып, Евразия континенті арқылы Михаил Федорович Японияға жер аударып, 1946 жылы Курил аралдарына келген.

2018 жылдың 2 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жатақханасының акт залында «Караоке жатақханада» сайсы өтті. Сайысқа тек жатақханада тұрып жатқан студенттер ғана қатысқан болатын. Екі бөлімнен тұратын сайысқа студенттер арасынан екі адамнан 6 топ бағын сынады. Әр қайсысы топ атын сол жерде ойлап тапты: «Жалын», «Ұлы дала дауысы», «Достар», «Флэш», «Екі жұлдыз» және «Қазақ қыздары». Бірінші бөлімде қатысушылар танымал бағдарламалар мен фильмдердің soundtrack-ін, яғни музыкасын тауып алуы керек еді. Бұл бөлімде көзге түскен «Достар», «Жалын» және «Флэш» тобы болды.

2018 жылдың 1 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының №А205 аудиториясында «Білім саласындағы бизнес» тақырыбында институт студенттері үшін мастер-класс өтті. Спикер ретінде «Edukey» Білім Орталығының өкілдері ҚМПИ және Лодзин Университетінің (Польша) түлегі Мағзум Төлеш, РХДУ (Мәскеу қ.), ООМУ (Челябі қ.) түлегі Ануар Газис сөз сөйледі. Спикерлер өздерінің шет елдегі тәжірибелерімен бөлісті. Оқытушы дипломымен білім саласында қалай бизнес ашуға болатынын және өз бизнесіңді ашудың қыр-сырларын айтып кетті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар