«ҚМПИ дауысы – 2018» вокал конкурсы

2018 жылдың 9 қаңтарында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында, Еліміздің жүрегі – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «ҚМПИ дауысы – 2018» вокал конкурсы өтті. ҚМПИ ұшағының стюардессалары кешті салтанатты түрде ашып, ортаға ұшақ штурмандары, жүргізушілер Шокенов Жалғасбек пен Есімханов Қуанышты ортаға шақырды. 40 үміткердің ішінен 6 қатысушы іріктеліп алынған бұл сайыс екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде қатысушылар Отанға деген сүйіспеншілігін білдіріп, патриоттық сезім оятатын композициялар, екінші бөлімде қатысушыларға олардың бойындағы өнерін толықтай ашуы үшін еркін композиция орындауы қажет еді. Демеушілер мен әділ қазылармен танысқаннан соң кезек қатысушыларға келді.

Патриоттық әндер бөлімін Туриз мамандығының 3 курс туденті Тлеуова Диана бастап берді. Филология факультетінің 1 курс студенті Диана Аманбаева «Земля Казахстана» әнімен жалғастырды. Үшінші болып Педагогика және психология факультетінде біліп алып жатқан 2 курс студенті Дана Нұрахмет өнер көрсетті. Отанға деген махаббатын әрі қарай өз әндерімен Дене шынықтыру және спорт мамандығының 2 курс туденті Анастасия Тюрина, Педагогика және психология факульетінің 1 курс студенті Айдана Шапауова, Физика манадығының 2 курс студенті Жұлдыз Даулетхан жалғастырды.

Екінші бөлімде қастысушылар еркін тақырыпта, өз таңдауындағы композицияны орындады. Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Шапауова Айдана жеңіп алып, «ҚМПИ дауысы – 2018» атағына ие болды. Екінші орын Дана Нұрахмет алса, үшінші орын Диана Тлеуоваға бұйырды. Барлық қатысушыларға демеушілер атынан сертификаттар табысталды.

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «ҚМПИ дауысы – 2018» вокал конкурсы