«Жас кезіңде, Биле!»
- Подробности
- Опубликовано: 06 февраля 2018
«Денсаулык» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2018 жылдың 6 ақпаны күні институт холлының 2-ші қабатында, Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері облыстық орталығының ұйымдастыруымен «Жас кезіңде, Биле» тақырыбында флеш –моб өтті. Флеш-мобқа «Жас Отан» ЖҚ белсенді студенттері, ҚСА мен институт студенттері қатысты АСК и волонтеры института. Флэш-моб мақсаты: Студенттік жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
СӨС орталығының маманы А.В.Богатова Салауатты өмір салтын насихаттау мен аурудың алдын алу жайлы айта кетті. Аурудың алдын алу заманауи денсаулық сақтаудың басты тапсырмасы болып саналады. Әдеттегі гигиеналық дағдылар мен дұрыс өмір салты аурудың алдын алуда ерекше орын алады. Адам ерте жастан бастап түрлі аурулармен ауруы мүмкін. Осының бәрі өмір ұзақтығы мен сапасына әсерін тигізіп, еңбекке қабілеттілікті төмендетіп, тіпті мүгедектік пен әлеуметтік-тұрмыстық дәрменсіздікке әкеліп соқтырады. Кейбір аурулар өлімге әкелуі мүмкін, кейбірі келер ұрпақтың түрлі ауытқулармен өмірге келуіне септігін тигізіп, тағы біреуі ауырған адамды қоршаған ортаға қауіпті деп танытып, эпидемияға әкеліп соқтыруы мүмкін. Көп жағдайларда алдын алу шараларының, аурудың дамуын ескертіп, оны тоқтатуда орыны зор.
Аурудың алдын алу – бұл ескерту-сауықтыру сипатындағы медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені. Оның негізгі мақсаттары:
- Әр түрлі потологиялық жағдайлардың пайда болуының алдын алу;
- Әр түрлі тәуекел факторларын азайту әрекеттері;
- Пайда болған ауралардың асқынуын төмендету;
- Аурудың асқыну жылдамдығын азайту;
- Патологиялық процесстердің хроникасын және екіншілік ауруларды ескерту;
- Аурудың негативті салдарын төмендету;
- Денсаулықты жалпы нығайту.
Аурудың салауатты және кешенді алдын алу ауыру мен түрлі эпидемияның пайда болуын төмендетеді, аурудың ұзақтылығын қысқартып, еңбекке қабілеттілікті қалыпқа келтіреді.
Алдын алу – бұл дәрігермен берілген арнайы медициналық іс-шара ғана емес. Күнделікті гигиена, салауатты өмір салты, жұмыс орынын дұрыс қадағалау және эпидемия кезеңінде белгілі бір ережелерді сақтау көптеген аурулардың дамуын ескертеді, әрі азайтады. Тіпті қоршаған ортаға қамқорлық та алдын алу шараларына жатады.
Флэш-моб қонақтары «Strong bye Zumba» өкілдері болды. Олар СӨС өкілдерімен және студенттермен бірге көңілді спорттық би биледі.
Флэш-моб соңында СӨС қызметкерлері ақпаратты буклеттер таратты.