«Білім саласындағы бизнес»

2018 жылдың 1 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының №А205 аудиториясында «Білім саласындағы бизнес» тақырыбында институт студенттері үшін мастер-класс өтті. Спикер ретінде «Edukey» Білім Орталығының өкілдері ҚМПИ және Лодзин Университетінің (Польша) түлегі Мағзум Төлеш, РХДУ (Мәскеу қ.), ООМУ (Челябі қ.) түлегі Ануар Газис сөз сөйледі.

Спикерлер өздерінің шет елдегі тәжірибелерімен бөлісті. Оқытушы дипломымен білім саласында қалай бизнес ашуға болатынын және өз бизнесіңді ашудың қыр-сырларын айтып кетті. Сондай-ақ мастер класста, қазіргі студенттерге мансап сатысымен жоғары көтерілуіне зор көмегі тиетін жаңа «МАҚСАТ» жобасы ұсынылды.

Отырыс соңында студенттер: жеке бизнесіңді ашуға қаражат қайдан алуға болады; салық заңнамасы бойынша; Қазақстанда қай бизнес түрі тиімді; сіздің ұсыныстарыңыздың маңызы неде? – деген сұрақтар қойып, тиісті жауабын алды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Білім саласындағы бизнес»