«Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның коуч-менторлары мен ҚМПИ студенттері арасындағы кездесу

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының конферец-залында «Нұр Отан» партисы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының IV Съезі қарсаңында, «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның коуч-менторлары мен ҚМПИ студенттері арасындағы кездесу өтті.

Кездесуде: «Даму» бағытының координаторы - Шөкеев Жанат, «Жас Отан» ЖҚ «Даму» бағытының көмекшісі – Жұмабаев Алмат, «Жас Отан» ЖҚ Қостанай облысындағы өкілі - Төлетаев Ерлан болды. Кездесудің негізі мақсаты: жастар арасындағы негізгі мәселелерді талқылау және «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінің кандидатымен танысу.

18 қаңтар мен 16 ақпан арасында барлық Республика бойынша «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесіне онлайн сайлау өткен болатын. Мемлекеттік жастар саясатының құрылу үрдісі мен орталық кеңеске ат салысуы үшін Сайлауға жастар арасында жетістіктерге жеткен 16 белсенді және талантты жастар қатысқан болатын. «Жас Отан» ЖҚ Орталық кеңесінде, Қостанай облысынан ҚМПИ студенттер мен жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы ұсынылды.

Шақырылған қонақтар жастарды еліміздің білімді және мәдениетті азаматы болуға шақырып, жастарға арналаған мемлекеттік бағдарламаларды талқылады. Кездесу барысында студенттер біздің облысымыздағы жастар арасындағы өзекті мәселелерді қозғады. Біздің облыс жастарының ғана емес, қаланың барлық тұрғындарының қазіргі таңдағы өзекті сұрағы әлі жауабын таппай тұр, ол қоғамдық көлік жол ақысының қымбаттауы.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Жас Отан» ЖҚ-ның коуч-менторлары мен ҚМПИ студенттері арасындағы кездесу