8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт

2018 жылдың 6 наурызы күні Қостанай мемлекеттік институтының акт залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Концертте институттың тек қана ерлер ұжымы өнер көрсетті. Концерт басталмас бұрын, көрермен назарына институт ректоры бастаған ерлер ұжымының видео құттықтауы ұсынылды. Мерекелік концерт фортепианоның керемет жанды әуенімнен оқылған өлең жолдарымен ақын, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбай Оспановтың құттықтау сөзімен басталып, әлеуметтік және академиялық жұмыс ісі жөніндегі проректор Г.А.Мусабекованың құттықтауымен жалғасын тапты. Ұжым оқытушылары мен қызметкерлеріне институттың қоғамдық өміріне белсене қатысып, еңбектегі жоғары жетістіктері және азаматтық ұстанымы үшін ректордың грамоталары мен сыйлықтары тапсырылды.

Тек қана институтымыздың ерлер ұжымы ғана емес, «Нұр Әуен» аспаптар ансамблі мен «Эстель» би тобы да кешті одан әрі жандандыра түсті.

Концерт соңында ҚМПИ ректоры Әбіл Е.А. барлық нәзік жандылар қауымын 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтады.

-

-

-

-

-

-

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт