14 қазанда №19 Рудный орта мектебінде, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауына арналған облысытық дебат турнирі өтті. Турнир «Қостанай әкімдігінің ішкі саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен, «Жас Отан» ҚОФ ұйымдастыруымен өтті. Турнирге әр аймақтан 16 команда жиналды. Турнир тақырыбы өзекті, әрі қатысушылар ұсынылған резолюцияларды қуана талқылады. Қатысушылардың көбі осындай іс-шарада бірінші қатысып тұрған соң, бірінші аздаған қобалжулар болды.

2017 жылдың 10 қазанында ҚМПИ студенттері «Жас Отан» жастар қанаты Қостанай облыстық филиалының V конференциясына қатысты. Конференция жұмысы Қостанай облысы Әкімінің орынбасары Жундубаева М.К. сәлемдесу сөзімен басталды. «Жас Отан» ЖҚ облыстық Кеңесінің мүшесі Какенов А.М. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын талдау» докладымен,Қостанай облыстық «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ өкілі Е.Тулетаев жасалған жұмыстарға есеп беру мақсатында конференцияның жалғасын тапты.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында студенттер мен оқытушылар үшін «Дарын» мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, патриоттық әндердің орындаушысы Ескендір Ибрагимнің қатысуымен концерт өтті. Ескендір Ибрагимнің ұсынысымен , жас орындаушыларды қолдау мақсатында концертте «Музыкалық білім» мамандығының студенттері қатысты. Бұл іс-шара Қостанай облысының «Жас Отан» жастар қанатының бірігуімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған жоба төңірегінде өткізілген болатын.

2017 жылдың 29 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шара ҚМПИ ректоры,профессор Әбіл Е.А. ұстаздар ұжымын құттықтауымен ашылды. Ы.Алтынсарин атындағы төс белгі к.х.н. доценті Абдикаликова К.А. табысталды. ҚМПИ ректорының Құрмет грамотасымен келесі ұстаздар марапатталды. Өнер кафедрасының аға оқытушысы, Республикалық және Халықаралық сайыстардың Лауреаты Күнсұлу Ануарбековна Жакаеваның қатысуымен , сонымен қатар Қостанай қаласының БММ-нің музыканттары, балалар би тобының ұжымы, «Музыкалық білім» мамандығының студенттерінің қатысуымен мерекелік іс-шара өз жалғасын тапты.

23 қыркүйек 2017 жылы ҚМПИ қабырғасында ҚР мемлекеттік Рәміздерінің 25 жылдық мерейтойына орай мектеп,колледж және Қостанай қаласының ЖОО арасында пікірсайыс турнирі өткізілген болатын. Турнирде Сарыкөл,Қарабалық аудандарының және Рудный қаласының командалары ойын көрсетіп, жалпы турнирге 24 қазақ лигасының және 16 орыс лигасының командалары өз бақтарын сынады. Аталмыш іс-шара «Жас Отан» ЖҚ мен Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

2017 жылы, 20-қыркүйек күні «Kostanay Invest 2017» инвестициялық форумы аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында студенттермен, жас кәсіпкерлермен кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Kostanay Invest 2017» жайлы толық ақпарат айтылып, мақсаты мен міндеттері жиналған қауымға түсіндірілді. Айтар болсақ, аталмыш форум - бизнес пен биліктің ашық диалогы. Форум кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасуға, қаланың бизнес-ортасын жақсарту мәселелерін талқылауға, сондай-ақ Қостанай облысының дамуы үшін ең таңдаулы инвестициялық жобаларды ұсынуға арналған тұғырнама болып табылатыны хақ.

2017 жылдың 14 қыркүйек күні ҚМПИ акт залында бірінші курс студенттерінің институт белсенділерімен, студенттік және жастар ұйымының көшбасшыларымен, клуб төрағаларымен кездесу өтті. Бүгінгі таңда ҚМПИ әкімшілігінің алдына қойған негізгі міндеті - оқу орнымыздың әр студентін қоғамдық өмірге баулу.   Аталмыш кездесу бірінші курс студенттерінің танымы мен азаматтық белсенділікті арттыру және әлеуметтік бейімделуіне бағытталған.

Жайдарлы жаз аяқталып, күздің алғашқы күнімен бірге келген білім күні жаңа бастауға, жаңа жетістіктерге жетелейтін атаулы күн екені белгілі. Жаз бойы күш жинап, жаңа оқу жылына аяқ басқан оқытушылар да, студенттер де бұл күні ерекше жадырап жүретіні хақ. Дархан далада күміс қоңырау үні күмбірлеп, білім шамшырағы жағылатын ұмытылмас сәт. 2017 жылдың қыркүйегінің 2-жұлдызы Қостанай мемлекеттік педагогкалық институты дәл осы ұмытылмас керемет сәттің куәсі болды. Білім күніне арналған мерекелік, салтанатты іс-шара біздің қара шаңырақта да аталып өтілді.

1-мамыр – достық мерекесі, Қазақстан халқының бірлігі күні. Жүздері әр-түрлі болса да, жүректері бір, ортақ Отанымыздың барлық азамат-азаматшалары қуанышқа бөленіп, жылулыққа толы мерейлі шақ. Бұл мереке еліміздің түкпір-түкпірінде салтанатты түрде аталып өтілетіндігі баршамызға аян. Астықты алқаптың төрінде де аталмыш мейрам қараусыз қалған жоқ. Орталыққа алаңға Қазақстан Халқы ассамблеясының бастауымен, Қостанай жеріндегі барлық ұлт өкілдері керемет көрме ұйымдастырды. Қала тұрғындарын өздерінің ұлттық тағамдарымен, салт-дәстүрлерімен, өнерімен таныстырды. Сонымен қатар, үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, облыс әкімі Архимед Бегежанұлы жиналған барша қауымды мерекемен құттықтап, еліміздің көркеюіне халықтар достастығының тигізер үлесі жайлы сөз қозғап кетті.

«Жаңбыр жауса жерге сый, Жігіт туса елге сый» деп көреген қазағым қалып айтпағаны анық. Басына не келіп, не кетпеген ер-жігіттер әрқашан да, елдің қорғаны, шаңырақтың иесі, ағайынның арқасүйері болған. Қандай қайғы келсе де қасқайып қарсы тұрып, ар-намысын аяққа таптатпай, дегеніне жеткенінше тынбай талаптанған. Шалыс басса, шыңыраудан шыға білген де – жігіттер. «Ел мақтаған жігітті, қыз жақтаған» деген сөз де ер-жігіттің батырлығына, батылдығына, көркіне, сымбатына, өнеріне қарап айтылған секілді. Өнерімен баурап, жалынымен өртеп, батырлығымен талай аруды тәнті еткен ер-жігіттер 2017 жылдың, сәуір айының 27 жұлдызы күні, ҚМПИ акт залында «Жігіт сұлтаны» үздіктер байқауында бақ сынасқан болатын. Әр факультеттен қатысқан арыстандай арлан жігіттер байқау барысында барын салғаны сахнада көрініп-ақ тұрды. Біреуі, өнерімен тәнті етсе, екіншісі, күш сынасу тұрғысында басымдау болды. Енді бірі, керемет шоумен таңғалдырса, бірі, күтпеген тосын жайттармен жиналған жұртшылықты баурап ала білді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар