Білім күні құтты болсын!

Жайдарлы жаз аяқталып, күздің алғашқы күнімен бірге келген білім күні жаңа бастауға, жаңа жетістіктерге жетелейтін атаулы күн екені белгілі. Жаз бойы күш жинап, жаңа оқу жылына аяқ басқан оқытушылар да, студенттер де бұл күні ерекше жадырап жүретіні хақ. Дархан далада күміс қоңырау үні күмбірлеп, білім шамшырағы жағылатын ұмытылмас сәт.

2017 жылдың қыркүйегінің 2-жұлдызы Қостанай мемлекеттік педагогкалық институты дәл осы ұмытылмас керемет сәттің куәсі болды. Білім күніне арналған мерекелік, салтанатты іс-шара біздің қара шаңырақта да аталып өтілді. ҚМПИ ордасының табалдырығын енді аттап жатқан бірінші курс студенттеріне институт тарихы жайлы, білім жүйесі жайлы ақпарат берілсе, аталмыш білім ордасына еңбегі сіңген, талай шәкіртті тәрбиелеп шыққан ұлағатты ұстаздар марапатталып, «Қостанай қаласының құрметті азаматы» атағын иелеген профессор-ұстаздарымыз Олжабай Қажығалиұлы мен Серікбай Оспанұлы жас жеткіншектерге жаңа оқу жылында ақ жол тілеп, ақ тілектерін білдірді. Тағы айта кететін қуанышты жаңалық, биылғы оқу жылында 12 оқу үздігі мен 22 «Алтын белгі» иегерлері Қостанай мемлекеттік педагогкалық институтын таңдап, біздің білікті ұстаздардың білімді шәкірттері атанып болашаққа қадам баспақ.

         Жаңа оқу жылында сәттілік серік болып, жемісті де жеңісті болсын демекпіз!

2017-09-02

2017-09-02

2017-09-02

2017-09-02

2017-09-02

2017-09-02

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз