«Бірлігіміз жарасақан!»
- Подробности
- Опубликовано: 01 мая 2017
1-мамыр – достық мерекесі, Қазақстан халқының бірлігі күні. Жүздері әр-түрлі болса да, жүректері бір, ортақ Отанымыздың барлық азамат-азаматшалары қуанышқа бөленіп, жылулыққа толы мерейлі шақ. Бұл мереке еліміздің түкпір-түкпірінде салтанатты түрде аталып өтілетіндігі баршамызға аян. Астықты алқаптың төрінде де аталмыш мейрам қараусыз қалған жоқ.
Орталыққа алаңға Қазақстан Халқы ассамблеясының бастауымен, Қостанай жеріндегі барлық ұлт өкілдері керемет көрме ұйымдастырды. Қала тұрғындарын өздерінің ұлттық тағамдарымен, салт-дәстүрлерімен, өнерімен таныстырды. Сонымен қатар, үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, облыс әкімі Архимед Бегежанұлы жиналған барша қауымды мерекемен құттықтап, еліміздің көркеюіне халықтар достастығының тигізер үлесі жайлы сөз қозғап кетті. Бұл жақсы да жайдары іс-шараға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері мен оқытушылар құрамы да ат салысты. Орталыққа жиналған ҚМПИ студенттері импровизациялы түрде шағын флеш-моб ұйымдастырып, мерекенің сәнін келтіріп, жұртшылыққа жақсы көңіл-күй сыйлай білді. Студенттер бұл мейрамды ерекше күтетіндерін айтып, өзге ұлт өкіліндегі достарын құттықтады.