Облыстық дебат турнирі

14 қазанда №19 Рудный орта мектебінде, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауына арналған облысытық дебат турнирі өтті. Турнир «Қостанай әкімдігінің ішкі саясаты басқармасы» мемлекеттік мекемесінің тапсырысымен, «Жас Отан» ҚОФ ұйымдастыруымен өтті.

Турнирге әр аймақтан 16 команда жиналды. Турнир тақырыбы өзекті, әрі қатысушылар ұсынылған резолюцияларды қуана талқылады. Қатысушылардың көбі осындай іс-шарада бірінші қатысып тұрған соң, бірінші аздаған қобалжулар болды. Финал жақындаған сайын, ойын қыза түсіп, пікірталас жоғары дәрежеде өтті.

Облыстық дебат турнирдің қорытындысы:

  • І орын – «Әкенің даңғыл жолымен» (Азиз Шамитдинов, Ақжол Мешітхан), ҚМПИ
  • ІІ орын – «BigBoss» (Жұлдызай Төлеміс, Айткүл Жандарбек), ҚМПИ
  • «Үздік спикер» - Жұлдызай Төлеміс, ҚМПИ
  • «ЛД финалист»  – Ақжол Мешітхан, ҚМПИ

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен кубоктармен марапатталды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз