«Kostanay Invest-2017» ҚМПИ-да!

2017 жылы, 20-қыркүйек күні «Kostanay Invest 2017» инвестициялық форумы аясында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының акт залында студенттермен, жас кәсіпкерлермен кездесу болып өтті. Кездесу барысында «Kostanay Invest 2017» жайлы толық ақпарат айтылып, мақсаты мен міндеттері жиналған қауымға түсіндірілді.

Айтар болсақ, аталмыш форум - бизнес пен биліктің ашық диалогы. Форум кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасуға, қаланың бизнес-ортасын жақсарту мәселелерін талқылауға, сондай-ақ Қостанай облысының дамуы үшін ең таңдаулы инвестициялық жобаларды ұсынуға арналған тұғырнама болып табылатыны хақ.

Сондай-ақ, ҚМПИ қабырғасында өткен форумға келген қауым белгілі кәсіпкер, «Arman Holding» компаниясының Президенті, «Даму қорының» тәуелсіз директоры, «Сделай Себя Сам», «Дневника успеха» кітаптарының авторы, жерлісіміз Серікбай Бисекеевпен кездесіп, сұхбаттасты. Кәсіпкер кездесу барысында бизнестің қыр-сырларын, жалынды жастарға білген-түйгенін айтып, табысқа жету жолын нұсқап, өз-өзіңді дамыту бағыттарына басымдылық танытып, ақылымен, тәжірибесімен бөлісті. Жиналған қауым өз кезегінде түрлі сұрақтар қойып, тұшымды жауап ала білді.

Кездесуден шыққан әрбір адам болашаққа ерекше көзқараспен қарап, бүгінгі күннен бастап өз-өзін дамытып, дұрыс қадам жасап, діттеген мақсатына жету жолында аянбай еңбек етуді басты қару етіп, бойларына ерік-жігер жинап шықты десек қателеспейміз.

2017-09-20 kostanay invest

2017-09-20 kostanay invest

2017-09-20 kostanay invest

2017-09-20 kostanay invest

2017-09-20 kostanay invest

2017-09-20 kostanay invest

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз