«Көк тудың желбірегені» атты патриоттық концерт

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына орай Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қабырғасында студенттер мен оқытушылар үшін «Дарын» мемлекеттік сыйлығының Лауреаты, патриоттық әндердің орындаушысы Ескендір Ибрагимнің қатысуымен концерт өтті. Ескендір Ибрагимнің ұсынысымен , жас орындаушыларды қолдау мақсатында концертте «Музыкалық білім» мамандығының студенттері қатысты. Бұл іс-шара Қостанай облысының «Жас Отан» жастар қанатының бірігуімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған жоба төңірегінде өткізілген болатын.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық концерт