«Жастар санасынан еш ұмытылмас батырлар!»
- Подробности
- Опубликовано: 05 февраля 2018
«Шын жүректен» акциясы шеңберінде 2018 жылдың 5 ақпаны күні ҚМПИ «Жас Отан» Жастар қанатының ерікті студенттері ҰОС ардагері Петрукович Михаил Федоровичпен кезекті кездесу өткізді. Акция мақсаты ардагерлерге барып, тұрмыста көмек көрсету.
Михаил Федорович 1926 жылы дүниеге келген, Ұлы Отан соғысы бастау алған Белоруссия тумасы. Сол уақытта ол 14 жаста еді. Әскер қатарына барып, 44-45 жылдары Венгрия мен Чехословакияда соғысқан. Кейін бөлім құрамын таратып, Евразия континенті арқылы Михаил Федорович Японияға жер аударып, 1946 жылы Курил аралдарына келген.
Студенттер ардагердің өз аузынан қатал соғыс уақытының ауырлығы туралы естіп, шын жүректен әңгімелесті. Михаил Федорович өміріндегі қызықты сәттері мен отбасы туралы да айта кетті.
Осы акция жастарды, үлкендерге құрмет көрсетіп, ардагерлерге көмектесуге шақырады. «Шын жүректен» акциясы 2017 жылы бастау алған. Сол уақыттан бері студеттер 9 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсетті.