2019 жылдың 11 қаңтар күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет қабырғасына UStudy тестілеу бағдарламасы арқылы, алда болатын ҰБТ-ге дайындық жүргізіп жатқан, Қостанай облысы аудандарының орта мектептерінде білім алатын биылғы мектеп бітіруші түлектер келді. Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы бастаған топ оқушыларды күтіп алып, бірге университетті аралап, таныстыру жұмыстарын жүргізді.

2018 жылдың 30 қарашасында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында ҚМПУ кубогы үшін факультетаралық КВН ойыны өтті. Әр факультеттен барлығы 5 команда қатысты, олар: Жатақхана намысын қорғаған «Сборная Общаги», Әлеуметтік-гуманитарлық факультет атынан «План Б», Филология факультетінің «Театр Абсурда» құрамасы, Жаратылыстану-математика факультетінен «Над пропастью по ржи», Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті атынан «Команда имени Хрущева».

2018 жылдың 30 қарашасы күні Қостанай Жоғары Экономикалық колледжі базасында 2018 жылғы көшбасшылар конференциясы өтті. Конференция басында Жастар маслихатының VII жиын депутаттарының видеороликтері көрсетілді. Кейін конференцияның мәртебелі қонақтары: «ҚазТұтынуОдағының Қостанай Жоғары экономикалық колледжі» директоры, облыстық маслихат депутаты – Байғабелов А.У., Қостанай қалалық маслихат хатшысы – Сәндібеков Б.Н., Қостанай қалалық әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы – Жылқыбаева З.Б. ортада сөз сөйледі.

2018 жылдың 29 қарашасында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің акт залында, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күіне орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев жайлы «Балалық шағымның аспаны» фильмінің көрсетілімі болды. Фильм Алматы облысының Үшқоңыр жайлауы, Шамалған ауылы, Қаскелең және Алматы қаласы деген жерлерінде түсірілген. Оқиға Нұрсұлтан Әбішұлының шынайы өмір жолын баяндайтын «Без правых и левых», «Эпицентр мира», «В сердце Евразии» атты шығармаларының желісі негізінде түсірілген.

2018 жылдың 29 қараша күні Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы және келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тұңғыш Президент – Тәуелсіздік дәуірі» тақырыбында жастар сессиясы өтті. Сессия қатысушыларының басым бөлігін студент жастар, жастар ұйымдарының жетекшілері құрады. Сессия барысында алғашқы сөз Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет ректоры - Әбіл Еркін Амажолұлына берілді.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында Жас Отан ЖҚ қолдауымен, «Парасат» дебат клубы ұйымдастыруымен 2018 жылдың 24-25 қараша аралығында «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты обылыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Аталмыш турнирге Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларының пікірсайысшы жастарынан құралған 36 команда қатысып, өз арасында жеңімпаздарын анықтады. Турнир барысында жастар бойындағы патриоттық сезім мен жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді, азаматтылық пен отансүйгіштікті жастар арасында дамытуға арналған турнир мақсаты орындалды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың А. "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде және болашақ мамандықты таңдау барысында білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында ағымдағы жылдың 13 қарашасында Федоров ауылында аудан әкімі Тауба Қайыржанұлы Исабаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Динара Әбдікәрімқызы Бектыбаеваның қатысуымен 9, 11 сынып оқушылары үшін "Мамандықтар әлемі" кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша III аудандық форум өткізілді.

2018 жылдың 12 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында журналисттік жолда талай жыл еңбек еткен Хасенов Ермекбай Қайыпұлымен кездесу өтті. Талантты журналист 1987 жылы «Жалын» Алматы баспасында алғаш басылымға  шыққан «Батыр Сұлтан» (Кеңес үкіметінің батыры Сұлтан баймағамбетов жайлы) деректеме повесінің авторы, «Өнегелі ғұмыр» деректеме повесінің авторы, көптеген очерктер мен мақалалардың авторы, журналистер арасындағы облыстық конкурстың жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан  Мәдениетінің еңбегі сіңірген қызметкері (2009), «Қазына» сыйлығының лауреаты (2005).

2018 жылдың 6-7 қараша аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» тапсырысы бойынша, «Стратегиялық коммуникациялар» медиа-агенттік» ЖШС ұйымдастыруымен «Білім ал – капиталыңды өсір!» тақырыбында қаржылық сауаттылықты дамыту мақсатында оқу өтті. Дәріс, тренинг форматында өткен оқуға әр түрлі жастағы адамдар қатысты. Жеке қаражат пен отбасылық бюджетті, ұйымның бюджетін жоспарлау, өз қаражатыңды орынды жұмсау және көбейте білу, цифрлық банктік қызметтердің жаңа құралдары мен басқа да көптеген пайдалыр ақпараттар айтылған бұл оқу екі күнге созылды.

2018 жылдың 5 қарашасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың (5 қараша 1993 ж.) Жарғысымен бекітілген «Болашақ» Халықаралық шәкіртақысының 25 жылдығын атап өтті. Бағдарлама мақсаты – ел экономикасының басым секторларына мамандар мен кадрлар дайындау. Бағдарлама негізі, академиялық оқу (магистратура, докторантура) мен әлемнің дәрежесі жоғары университеттері мен компанияларында ғылыми өндірістік тағылымдама өту. Осыған орай, «Болашақ» түлектері - Ибрагимова Светлана Викторовна мен Ибраев Қанат Закарьянұлы, Шаймурунов Саята Жұматұлы басшылық ететін Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқарма қаламыздағы ЖОО студенттерімен танысу-білісу кездесуін ұйымдастырды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар