ҚМПУ кубогына КВН ойыны

2018 жылдың 30 қарашасында Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында ҚМПУ кубогы үшін факультетаралық КВН ойыны өтті. Әр факультеттен барлығы 5 команда қатысты, олар: Жатақхана намысын қорғаған «Сборная Общаги», Әлеуметтік-гуманитарлық факультет атынан «План Б», Филология факультетінің «Театр Абсурда» құрамасы, Жаратылыстану-математика факультетінен «Над пропастью по ржи», Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті атынан «Команда имени Хрущева».

Ойын екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлім «Сәлемдесу», яғни әр команда сахна төрінде өздері дайындаған 10 минуттық қойылымын көрсетіп, көрерменге күлкі сыйлауға тырысты. Екінші, «Жаттығу» бөлімінде әділ қазылар командаларға бір сұрақтан қойып, әзіл жауап алды. Қазылар алқасы әділ шешім беру мақсатында ақылдасқан уақытта да командаларға көрермендер тарапынан сұрақтар қойылып, ойын қызығы таусылмады.

Әділ-қазылар шешімі бойынша 1 орын және кубок иегерлері жатақханалық «Сборная общаги»болса, 2 орынды Дене шынықтыру, спорт және туризма факультеті атынан «Команда имени Хрущева», 3 орынды Жаратылыстану-математика факультетінің «Над пропастью по ржи» командасы қанжығасына байлады. Ойынның «Үздік актері» Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің 4 курс студенті Адырбаев Темірлан атанса, «Үздік актриса» атағы Дене шынықтыру, спорт және туризма факультеті атынан шыққан«Команда имени Хрущева» командасының ойыншысы, 3 курс студенті Адрахманова Гаухарға бұйырды.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз