Дебат ойындарынан «Жас Отан» ЖҚ кубогы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің қабырғасында Жас Отан ЖҚ қолдауымен, «Парасат» дебат клубы ұйымдастыруымен 2018 жылдың 24-25 қараша аралығында «Жастар жемқорлыққа қарсы» атты обылыстық пікірсайыс турнирі өткізілді. Аталмыш турнирге Арқалық, Рудный, Қостанай қалаларының пікірсайысшы жастарынан құралған 36 команда қатысып, өз арасында жеңімпаздарын анықтады. Турнир барысында жастар бойындағы патриоттық сезім мен жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуді, азаматтылық пен отансүйгіштікті жастар арасында дамытуға арналған турнир мақсаты орындалды. Осы турнир арқасында жастар өз бойындағы көшбасшылық, ораторлық шеберліктерін дамыту, тыңдай білу, қабылдау, талдау, ойды сауатты және дәлелді жеткізе алуларына мүмкіндік алды. Жастардың білім деңгейін және сыни ойлау қабілеттерін жетілдіре алған турнир міндеті орындалды. Турнир нәтижесі төмендегідей:

1 орын «Mix» командасы

  1. Ильиясова Айжан (Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай ішкі істер академиясы)
  2. Ғабдолла Эзита (Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті)

2 орын «Ангелы Ратбека» командасы

  1. Сейтқалиева Ақниет
  2. Нурымбетова Жанэль (Назарбаев зияткерлік мектебі)

3 орын «Болашақ» командасы

  1. Макатова Қаракөз
  2. Батырхан Асем (Қостанай педагогикалық колледжі)

Үздік спикер: Сираж Дәуренбек (А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті)

 -

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Дебат ойындарынан «Жас Отан» ЖҚ кубогы