Хасенов Ермекбай Қайыпұлымен кездесу

2018 жылдың 12 қарашасында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің конференц-залында журналисттік жолда талай жыл еңбек еткен Хасенов Ермекбай Қайыпұлымен кездесу өтті. Талантты журналист 1987 жылы «Жалын» Алматы баспасында алғаш басылымға  шыққан «Батыр Сұлтан» (Кеңес үкіметінің батыры Сұлтан баймағамбетов жайлы) деректеме повесінің авторы, «Өнегелі ғұмыр» деректеме повесінің авторы, көптеген очерктер мен мақалалардың авторы, журналистер арасындағы облыстық конкурстың жеңімпазы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан  Мәдениетінің еңбегі сіңірген қызметкері (2009), «Қазына» сыйлығының лауреаты (2005).

2009 жылдың қараша айында Әулиекөл аудандық мәслихаттың шешімімен аудан мен оның атақты адамдарын басылымдарда белсенді насихаттағаны үшін «Әулиекөл ауданының құрметті азаматы» атағына ие.

«Жастардың келешегі» тақырыбында өткен кездесу барысында Ермекбай Қайыпұлы студенттерге өз өмір жолын баяндап, журналистика саласындағы қызықты және қиын сәттеріне тоқталып, кітаптарымен таныстырып, болашаққа бағдар берді. Шығармашылықпен айналысқысы келетін студенттерге өз ақылы мен кеңесін берді.

Кездесуде «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы Әлібек Мұхамеджанов та болды. Студенттер қонаққа сұрақтар қойып, болашаққа сабақ алды.

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Хасенов Ермекбай Қайыпұлымен кездесу