Білім ал – капиталыңды өсір!
- Подробности
- Опубликовано: 07 ноября 2018
2018 жылдың 6-7 қараша аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» тапсырысы бойынша, «Стратегиялық коммуникациялар» медиа-агенттік» ЖШС ұйымдастыруымен «Білім ал – капиталыңды өсір!» тақырыбында қаржылық сауаттылықты дамыту мақсатында оқу өтті. Дәріс, тренинг форматында өткен оқуға әр түрлі жастағы адамдар қатысты. Жеке қаражат пен отбасылық бюджетті, ұйымның бюджетін жоспарлау, өз қаражатыңды орынды жұмсау және көбейте білу, цифрлық банктік қызметтердің жаңа құралдары мен басқа да көптеген пайдалыр ақпараттар айтылған бұл оқу екі күнге созылды. Дәріс беруші «KMG press» ЖШС бас директоры, «Капитал баспа үйі» ЖШС бас директоры, «Халықаралық Бизнес университетінің» Журналистика кафедрасының доценті Халина Мира Унтушевна.
Бірінші күн А203-ші аудиторияда «Қаржыны тиімді басқарудың негізгі принциптері» тақырыбында өтіп, түс ауа «Қаржылық жүйелер және қаржылық ұйымдар», «Несие – жақсы-жаманы не?» тақырыбында өткен тренигпен жалғасты.
Екінші күннің тренинг тақырыбы «Электронды банктік қызметтер», «Қаржылық ойлау негіздері». 2 күнде қатысушылар Қаржы нарығының жұмысымен кеңінен танысып, жеке қаржыны тиімді пайдалау жайлы көптеген ақпарат жинады.