Биылғы мектеп бітіруші түлектермен кездесу

2019 жылдың 11 қаңтар күні Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет қабырғасына UStudy тестілеу бағдарламасы арқылы, алда болатын ҰБТ-ге дайындық жүргізіп жатқан, Қостанай облысы аудандарының орта мектептерінде білім алатын биылғы мектеп бітіруші түлектер келді. Әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпов Абай Жангелдіұлы бастаған топ оқушыларды күтіп алып, бірге университетті аралап, таныстыру жұмыстарын жүргізді.

Оқушылар барлық факультеттер, кафедраларды аралап, декан орынбасарлары мен кафедра профессорлары мамандықтар, олардың бағыты жайлы ақпарат берді. Іс-шара соңы Жастар және студенттермен жұмыс бөлімінде аяқталды. Кездесу соңында биылғы түлектерге жоғарғы оқу орынына түсу жолы, грант саны, қажетті құжаттар жайлы толық мәлімет берілді. Оқушыларды келесі оқу жылында біздің университет қабырғасында күтетін боламыз.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Биылғы мектеп бітіруші түлектермен кездесу