«Тұңғыш Президент – Тәуелсіздік дәуірі» Жастар сессиясы
- Подробности
- Опубликовано: 29 ноября 2018
2018 жылдың 29 қараша күні Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет акт залында «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы және келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Тұңғыш Президент – Тәуелсіздік дәуірі» тақырыбында жастар сессиясы өтті. Сессия қатысушыларының басым бөлігін студент жастар, жастар ұйымдарының жетекшілері құрады.
Сессия барысында алғашқы сөз Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университет ректоры - Әбіл Еркін Амажолұлына берілді. Кейін «Елбасының ұлтаралық келісім саласындағы рөлі» тақырыбында Қазақстан ұлтының облыстық ассамблея секретариатының меңгеруші-төраға орынбасары – Аккужинова Бибігүл Бүркітқызы, «Елбасы және жастар» тақырыбында «Агрофирма «Парасат»» ЖШС директорының орынбасары, Алтынсары аудандық маслихат депутаты – Елкин Константин Владиславович, «Тәуелсіз Қазақстанның құрылуындағы Елбасының рөлі» тақырыбында ЧелМУ Қостанайдағы филиалының директор орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты – Бекмағамбетов Әлімжан Бауыржанұлы сөз сөйлеп, студенттермен бірге талқылады. Сессия соңында студенттер тарапынан ауқымды сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар айтылды.