Көшбасышлар конференциясы – 2018
- Подробности
- Опубликовано: 30 ноября 2018
2018 жылдың 30 қарашасы күні Қостанай Жоғары Экономикалық колледжі базасында 2018 жылғы көшбасшылар конференциясы өтті. Конференция басында Жастар маслихатының VII жиын депутаттарының видеороликтері көрсетілді. Кейін конференцияның мәртебелі қонақтары: «ҚазТұтынуОдағының Қостанай Жоғары экономикалық колледжі» директоры, облыстық маслихат депутаты – Байғабелов А.У., Қостанай қалалық маслихат хатшысы – Сәндібеков Б.Н., Қостанай қалалық әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің басшысы – Жылқыбаева З.Б. ортада сөз сөйледі.
Конференция барысында көсбасшылық, ораторлық сапаны дамыту мақсатында тренингтер өтті. Әр қатысушы «Мен депутат» тақырыбында портфолио қорғады. Конференция соңында Жастар маслихатының IX жиынының 20 депутаты таңдалып алынды. Олардың қатарына Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультетінің 2 курс студенті Казез Думан тағайындалды.