«Болашақ» мемлекеттік бағдарлама өкілдерімен кездесу
- Подробности
- Опубликовано: 05 ноября 2018
2018 жылдың 5 қарашасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың (5 қараша 1993 ж.) Жарғысымен бекітілген «Болашақ» Халықаралық шәкіртақысының 25 жылдығын атап өтті. Бағдарлама мақсаты – ел экономикасының басым секторларына мамандар мен кадрлар дайындау. Бағдарлама негізі, академиялық оқу (магистратура, докторантура) мен әлемнің дәрежесі жоғары университеттері мен компанияларында ғылыми өндірістік тағылымдама өту.
Осыған орай, «Болашақ» түлектері - Ибрагимова Светлана Викторовна мен Ибраев Қанат Закарьянұлы, Шаймурунов Саята Жұматұлы басшылық ететін Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты жөніндегі басқарма қаламыздағы ЖОО студенттерімен танысу-білісу кездесуін ұйымдастырды. Атаулы іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) да қатысты. Кездесу форматы – дөңгелек үстел. Әр болашақтық басқа елде өткен тағылымдамасы мен оқу барысын, қалай жолдама алғандығы жайлы ақпараттан тұратын презентация ұсынды. Оған қоса, өкілдер оқудың жаңа әдістері мен тәсілдерін де айта кетті. Қазіргі таңда ұстаз қызметін атқарып жүрген Светлана Викторовна, білім алудағы ең бастысы– бұл таң қалдыра білу.
Дөңгелек үстел қатысушылары өздері қызықтырған, мамандық пен оқу орынын таңдау барысында неге басты назар аудару керектігін, емтиханға дайындық пен қандай құжаттар керектігі жайлы сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтар санына қарай, бұл кездесудің жоғары дәрежеде өткендігін айтып кетсе болды.