Мектеп түлектеріне болашақ мамандықты таңдауда қолдау көрсетейік

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың А. "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" бағдарламалық мақаласын іске асыру шеңберінде және болашақ мамандықты таңдау барысында білім алушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында ағымдағы жылдың 13 қарашасында Федоров ауылында аудан әкімі Тауба Қайыржанұлы Исабаев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Динара Әбдікәрімқызы Бектыбаеваның қатысуымен 9, 11 сынып оқушылары үшін "Мамандықтар әлемі" кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша III аудандық форум өткізілді.

Форумға 200-ден астам оқушылары мен ауданның 19 мектеп педагогтары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Қостанай облысының жоғары және орта арнаулы оқу орындарының қызметкерлері мен студенттері қатысты.

Форум қатысушыларына аудан әкімі Т. Қ. Исабаев құттықтау сөз сөйледі. Оқу орындарының өкілдері жоғары оқу орындары мен колледждермен таныстырды, сондай-ақ көркем өнерпаздардың жарқын және есте қаларлық нөмірлерін көрсетті.

Қостанай педагогикалық университетінің үгіт-насихат командасы әлеуметтік–гуманитарлық факультетінің 1, 3 курс студенттері мен оқытушылары және кәсіптік бағдар беру және мемлекеттік қызмет көрсету офисінің қызметкерлерімен таныстырылды.

Қоғамдық пәндер, құқық және экономика негіздері кафедрасының қауымдастырылған профессоры Әлшанова Бағытжан Хамитқызы қатысушыларды университет, оның көпжылдық тарихы мен дәстүрлері туралы өз баяндамасымен қызықтырды. Тұсаукесер рәсімін домбырашы Райымбек Бектенбетов пен Венера Қалиева, Дарья Карахметченко және Надежда Олексенконың вокалдық тобы аяқтады.

Мәдениет үйінің фойесінде оқу орындарының қызметін көрсететін көрме орналастырылды. Кәсіптік бағдар беру офисінің қызметкерлері мектеп түлектерін қызықтырған сұрақтарына жауап беріп, мектеп оқушыларын университет факультеттері мен кафедраларымен, сондай-ақ жоғары оқу орнының мамандықтарымен таныстырды. Федоров ауданы мектептерінің көптеген түлектері Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетін таңдайды деп үміттенеміз!

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар Мектеп түлектеріне болашақ мамандықты таңдауда қолдау көрсетейік