«Караоке жатақханада» сайысы

2018 жылдың 2 ақпанында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының жатақханасының акт залында «Караоке жатақханада» сайсы өтті. Сайысқа тек жатақханада тұрып жатқан студенттер ғана қатысқан болатын. Екі бөлімнен тұратын сайысқа студенттер арасынан екі адамнан 6 топ бағын сынады. Әр қайсысы топ атын сол жерде ойлап тапты: «Жалын», «Ұлы дала дауысы», «Достар», «Флэш», «Екі жұлдыз» және «Қазақ қыздары». Бірінші бөлімде қатысушылар танымал бағдарламалар мен фильмдердің soundtrack-ін, яғни музыкасын тауып алуы керек еді. Бұл бөлімде көзге түскен «Достар», «Жалын» және «Флэш» тобы болды.

Екінші бөлімде қатысушылар 1-ден 9-ға дейін қалаған ұяшықты таңдап, жасырылған әнді айтып беруі керек болатын. Барлық топ бұл бөлімде танымал әндерді керемет орындап шықты. Жанкүйерлер де аз болған жоқ. Сайыс соңында Тәрбие ісі жөніндегі басқарманың басшысы Наурызбаева А.Ж., Студенттер мәдениет үйінің басшысы Айсина С.Т. және Студенттер мен жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы Жусупов А.Ж. әділ-қазы мүшелері, әр орынды екі топқа бөлді. Бірінші орын «Достар» мен «Екі жұлдыз» тобы, екінші орынды «Жалын» мен «Ұлы дала дауысы» тобы алса, «Қазақ қыздары» мен «Флэш» тобы үшінші орынды қанжығасына байлады. Сайыс соңында қатысушыларға тәтті сыйлықтар берілді.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Тәрбие және мәдени-көпшілік іс-шаралар «Караоке жатақханада» сайысы