ҚМПУ Ректор балы 2018

2018 жылғы 28 наурызда «Premium palace» мейрамханасында ҚМПУ Ректор балы салтанатты кеші ұйымдастырылды. Бал – бұл қашан да керемет әсер қалдыратын және тиянақты дайындықты қажет ететін ерекше іс-шара. Кеш барысында барлық факультеттердің дарынды та талапты шәкірттері ұйымдастырып, көрермендер назарына ұсынған сиқырлы Disney әлемінің ертегілері көрсетілді. Әсем әуен ойнап, нәзік би барлығына жайдары көңіл күй сыйлады.   

Ректор балының 1-ші қатысушыларының, яғни студенттеріміз жұп болып билеген «Вена вальсінен» бастау алды. Әсем әуенге орындалған вальс биі керемет әсер қалдырды. Биден соң Универститет ректоры, әділ қазы мүшесі Әбіл Еркін Аманжолұлы жүрекжарды тілегін білдіріп, оқудағы үлгерімі мен қоғамдық іс-шараларға белсене ат салысып, жастар саясатына қосқан үлесі үшін «Құрмет грамотасымен» үздік студенттерімізді марапаттады. «ҚПМУ дауысы» ән байқауының жеңімпазы Айдана Шапауова кешті әнімен жалғастырды. Бал Дисней ертегілер әлеміне саяхат бөліміне де келіп жетті. Психология және педагогика факультеті «Золушка» көрінісімен, Жаратылыстану және математика факультеті «Холодное сердце», Әлеуметтік-гуманитарлық факультет «Аладдин», Филология факультеті «Сұлу қыз бен құбыжық» көріністерімен шығармашылық сайыста өнерлерін көрсетті. Шығармашылық көріністер сайысын Университетіміздің «Фиеста» би тобы фигуралы вальс биімен аяқтап берді.

Ортаға Ректор балының 2-ші қатысушылары, көктемнің келбетін келтіріп «Көктем вальсі» шықты. Әділ қазы мүшелері Кештің Хан мен ханшайымын, Факультеттер арасында өткен шығармашылық көрініс сайысының жеңімпаздарын анықтауға кіріскен уақытта, «Золотой микрофон» сайысының биылғы жеңімпазы Бекболат Жазықбаев керемет әнімен, «Фиеста» би тобының мүшелері Байкалов Андрей мен Камышева Ботагөз танго биімен өнер көрсетті. Әділ қазылардың әділ шешімі бойынша, Ректор балының «Хан мен ханшайымы» атағына Мұхтаров Руслан мен Нұрахмет Дана ие болса, шығармашылық көрініс сайысын Жаратылыстану және математика факультеті жеңіп алды. Кешті, балға қатысушыларға, қонақтарға арнайы жайылған фуршет столы мен би жалғастырды.

Бал КГПИ 2018

Бал КГПИ 2018

Бал КГПИ 2018

Бал КГПИ 2018

Бал КГПИ 2018

Бал КГПИ 2018

Бал КГПИ 2018

Бал КГПИ 2018

Бал КГПИ 2018

Бал КГПИ 2018

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз